Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ ТӨРГЕ ОЗДЫ

09.11.2024
КҮНДЕРЕК
ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ ТӨРГЕ ОЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Дәнеш Рақышев атындағы филармонияда облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті. Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына өз үлестерін қосқан сала мамандарының бірқатарын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР-дің Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен  марапаттады.

Адам баласын тұлғалық деңгейге көтеретін мәдениет екені айқын. Оның ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың санасында, парасаттылық сезімдері мен қатар рухани ізденістерінде анық айқындалады. Ғалымдар мәдениетті адамның бойында азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұрын шашып, мәңгі өлмейтін  шығармашылық із қалдырады деген тұжырымға келген екен. Осы тұста ұлттың ұлық өнерінің өркендеуіне өңіріміздің өнерпаздары өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын айтқанымыз жөн.

Шара шеңберінде Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры әртістері Алмахан Кенжебекова мен Мәкен Нұрмұхамбетованың «Парасат» орденімен марапатталғаны аталып, гүл шоқтары тарту етіліп, иықтарына шапан жабылды. Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің меңгерушісі Марал Рахатоваға «Шапағат» медалі, Жетісу облысы Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының жеке дауысты әншісі Бейбіт Мұсаевқа  «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Вокал дайындаушы Ольга Ефтюкова мен М. Төлебаев атындағы  халық аспаптары оркестрінің аспапшы әртісі Фатима Тұрғанбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ал  Жетісу облысы Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының жеке дауыстағы әншілері Сая Есенгелдінова, Алмас Жексенбаев, Маулеш Әбжапаров, Азамат Умбетовке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  Құрмет грамотасы берілді.

Адамзат өркениетінің мол мұрасын, этноспорттың және этномәдениеттің дәстүрін дәріптеу мақсатында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жетісу облысының атынан қатысып, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жоғары дәрежеде атсалысқаны үшін «VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығының, Мұхаметжан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымдары, сондай-ақ, өңірдегі Ақбаян Дулатқызы, Тілеш Рымжанұлы, Сәйілхан Зәйт, Талас Нұрманұлы сынды қолөнершілер облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапаталды.

Кездесу аясында Диас Рахметұлы сөз сөйлеп, мәдениет қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғыс білдірді. Шалқар шабыт тілеп, марапат иелерін айрықша құттықтады.

– Бұл марапат сіздердің таланттарыңыздың, шығармашылық шеберліктеріңіздің, тынымсыз еңбектеріңіздің лайықты жемісі. Алдағы уақытта да өнер саласында жаңа бастамалар мен жобаларды қолдай отырып, мәдениеттің өсіп-өркендеуіне үлес қосады деп сенемін. Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жетісу жерінен 100-ге жуық өнер майталмандары қатысты. Ол үшін орталық комитеттен менің атыма арнайы марапат келді. Бұл бәріміздің жеңісіміз деп ойлаймын, – деді ол.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.