«SCAT» әуе компаниясының ұшағы «Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалып, шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Компанияның баспасөз қызметі DV734 «Нұрсұлтан-Алматы» рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.
— Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті, — дейді компания өкілдері.
Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.
— Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр, — деді SCAT қызметкерлері.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





