Талдықорған: +22°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

НҰР-СҰЛТАНДА АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ФОРУМ АЯҚТАЛДЫ

16.11.2020
КҮНДЕРЕК
НҰР-СҰЛТАНДА АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ФОРУМ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, Coca-Cola халықаралық қоры, Еуропа Қайта құру және даму Банкі мен ЕҚЫҰ ұйымдастыруымен «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ — 2030 жетістіктері» атты ауыл әйелдерінің III республикалық форумы өтті.

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылды реформалау, агросекторды экономика өсуінің жаңа драйвері ретінде арттыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды қолдауға бағытталды.

Республикалық форум өтерден бұрын ұйымдастырушылар тамыз-қазан айлары аралығында еліміздің 163 ауданындағы 2100-ге жуық ауыл әйелінің басын қосып, онлайн режимде 14 облыста облыстық ауыл әйелдерінің жиынын ұйымдастырған болатын. Әлемдік пандемия форум барысында талқыланып жүрген мәселенің өзектілігін арттырып, маңыздылығын еселей түсті. Әсіресе, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық кооперативтерін құру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ілгерілетуде жүргізіліп жатқан жұмыстардың стратегиялық маңызы зор екендігін дәлелдеді.

Республикалық форум аясында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылды дамыту», «Мал шаруашылығы фермерлік шаруашылықтарының тұрақтылығын арттыру», «Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс шаруашылығында өнімділікті арттыру бағытында инновациялық технологияларды қолдану», «Ауылдағы әйелдер бизнесі мен стартаптардың келешегі» атты сессиялық жұмыстар қарастырылды.

Форумның ресми бөлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов және халықаралық ұйым өкілдері ойларымен бөлісті. Форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың құттықтау хаты оқылса, G-Global Халықаралық Хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков Хатшылық құрамына кіретін 147 елдің ұйымдары атынан Форум қатысушыларына сәлем жолдады.

Елімізде 8 жылдан бері «Coca-Cola белестері» атты әлеуметтік жоба іске асырылуда. Форум аясында «Coca-Cola Белестері — 2020» байқауының 20 жеңімпазын марапаттау рәсімі өтіп, жеңімпаздарға «жасыл» бизнес-жобасы үшін Салтанат Рахымбекова атындағы грант берілді. Сондай-ақ, бизнесті алғаш бастағандарға да арналған гранттар тапсырылды. Аталған грантқа ие болған 20 кәсіпкер әйелдің қатарында Бакыт Асыржанова, Райса Айтказьева, Ирина Панцулая, Венерам Юсупова, Наталия Веретельная қатарлы жерлестеріміз де бар. Сонымен қатар, «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері / 100 истории успеха» кітабының тұсаукесері өтті.

Осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанда 2030 тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруды насихаттау бойынша журналистер арасында республикалық байқау өткізіп келеді. Форумда аталған байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Байқауға эфирде, радиода және баспа БАҚ-та 1 қаңтар мен 20 қазан аралығында жарияланған 170 жұмыс келіп түсіп, байқау комиссиясы бес аталым бойынша 15 өтінімді іріктеп алды.

Сол қатарда «Газеттегі үздік материал» аталымы бойынша бірінші орынды әріптесіміз Қажет Андас иеленсе, екінші орынды республикалық «Заң» газетінің тілшісі Ерлік Кебекбай мен «ФудИндастри КЗ» сайытының тілшісі Жанбота Төлеген, үшінші орынды Қызылорда облысынан республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті журналисі Нұрбике Құдайбергенова иеленді. Басқа номинациялар бойынша да жүлдегерлер анықталып, тиісті марапатқа ие болды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

13.04.2026
Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

13.04.2026
Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

13.04.2026
Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

13.04.2026
Қыз қадірі – ұлт қадірі

Қыз қадірі – ұлт қадірі

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.