Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

22 ақпан 2019
КҮНДЕРЕК
ОБЛЫС ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ есепті кездесуде берген уәдесі бойынша жеке мәселемен келген бірнеше анамен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдады. Қабылдау еркін ауанда өрбіді. Әкім қабылдау кезінде алдағы уақытта көпбалалы аналар мен мүгедек баласы барларға жан-жақты жағдай жасалатынын айтты. Мәселен, биыл іргетасы қаланатын әрқайсысы 60 пәтерлік екі көпқабатты үй тек баспана тауқыметін көріп жүрген отбасыларға арналып салынбақшы.

Қабылдаудағы аналардың біразы Талдықорған қаласында балалардың жүрек ақауын анықтайтын аппараттың жоқтығына налыды. Дүдәмал диагноз қойылғаннан кейін жас босанған ана баласын арнайы аппаратқа тексертіп, диагноздың анық-қанығына толық көз жеткізу үшін алып шаһар — Алматыға аттанады. Жол қиындығы мен жатын орын тауқыметін тартатын ананың хал-жайы ары қарай белгілі. Осы орайда облыс әкімі Амандық Баталов денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқаққа керек аппаратты тездетіп алып, сырқат балаларды Талдықорғанда тексеруді  қолға алуды тапсырды.

Кейбір дәрігерлердің сыйақы бермесе, науқасты дұрыс қарамай қоятынын да аналар жасырған жоқ. Бұл орайда жауапты адамдарға деректі анықтап, қызметін асыра пайдаланғандарға шара қолдану тапсырылды. Денсаулығында ақауы бар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар бала бағуға берілетін жәрдемақының көлемі арттырылса деген арызын айтты. Сондай-ақ, әр бала үшін ай сайын берілетін қаржының аздығына реніш білдірілді.

Сауалға жауап берген Амандық Ғаббасұлы бұл мәселенің бәрі мемлекет деңгейінде қаралып жатқанын, алдағы уақытта оң шешім табатынын жеткізді. Бүгіннің өзінде көпбалалы аналарға қаржылық қолдау білдіру үшін бюджеттен қаржы бөлінгенін айтып, ақшадан таршылық көріп отырған аналардың көңілін көтерді. Жиында Ынтымақ ауылына жол тартылса, автобус мәселесі шешілсе дегендер де болды. Бұл шаруаның жақын күндері қолға алынатыны жайлы жауап аталмыш ауыл тұрғындарын қуантты.

Әкім қабылдауында «Шайқорған», «Үйтас» саяжайларының тұрғындары жол қиындығын, Әлімжанов көшесінде аялдамалардың жоқтығын, арық суына қатысты мәселелерді жеткізді. Мектептерде мерекелік шараларға деп ақша жинаудың әлі тиылмай тұрғандығы, көпбалалы отбасыларда әрнәрсеге қаржы шығаруға жағдайларының келмейтіндігі айтылды. Аталмыш сауалдар бойынша  орынбасарларына сол жерде тапсырма берген әкім мәселені көңіл көншілерлік деңгейде шешетіндерін айтып, келушілердің көңілін серпілтті.

— Бар жағдайды бірден шешемін, бәріңе бірден баспана алып беремін деп айта алмаймын. Бірақ қолдан келгенше мәселені шешуге, кейбір жағдайға қалталы азаматтарды тартуға тырысамыз, – деді  Амандық Ғаббасұлы.

Көпбалалы аналар тарапынан айтылған тағы бір мәселе — мемлекеттік қызметкерлердің алдына барған адамға дұрыс жауап бермейтіндігі, этика сақтамайтындықтары. Мемлекет тапсырмасын орындаудың орнына шаруамен келгендерге мұрын шүйіре қарайтындардың мәселесі бұдан былай ерекше қадағалауда болмақ.

Гүлжан ТҰРСЫН,

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Бүгін, 11:03
Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Геосаясат және қаржы: Таяу Шығыстағы жағдай шикізат бағасын арзандатты

Бүгін, 10:30
Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Өңірде газдандыру және аурухана құрылысы қарқын алды

Бүгін, 10:27
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.