Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2024 жылғы 12 қыркүйекте сағат 10.00-де Кербұлақ ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында (Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 10) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз.
Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы Ә.Сарыбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында (Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 25) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.