Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ойымның кенішін ақтардым

Жетісу жері талай таланттардың тұсауын кесіп, үлкен аламанға қосқан киелі мекен емес пе?! Әсіресе қасиетті Ақсу өңірінен шыққан қаншама дарындыларымыз бар. Әр саланы алып қарасаңыз, ел сүйінер азаматтар жетерлік. Киелі мекен Ақсудан түлеп ұшқан Ғабит Тұрсынбайұлы да алқалы топтың алдында тұратын азамат. Мемлекеттік қызмет пен әдебиетті ұштастырып, қалың оқырманның жүрегінен орын алған ақын. Сыршыл, әуезді әнге айналған өлеңдері Жетісуды ғана емес, бүтін қазақ даласын шарлап, оқырманын жан жылуына бөлейді. Ақынның қаламынан туған өлеңдері бірде рухты, бірде туған жерге деген сағынышты оятса, енді бірде қос ғашықты махаббат қайығына мінгізіп, тамаша бір күйге бөлеп әкетеді. Елін жырмен тербеп, шығармашылығын байытып жүрген Ғабит Тұрсынбайұлы асқаралы 60 жастың асуында тұр. Олай болса, мерейлі мерекесімен құттықтап, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілей отырып, оқырман назарына бір топ өлеңін ұсынуды жөн көрдік.

02.10.2025
КҮНДЕРЕК
Ойымның кенішін ақтардым
WhatsAppTelegramFacebook
БАСТАЛАДЫ УАҚЫТ КҮЗДЕН
Басталады мен үшін уақыт күзден, 
Таңғы шықтан мөп-мөлдір жақұт тізген.
 Шілдехана тойыма қуаныштан
Әкем атын сойыпты керме сүзген.
Берекенің ағызған сары майын,
Жақсы көрем керімсал күздің айын. 
Кетпен тартып кенелген молшылыққа, 
Мерекесі еңбектің – білсең жайын.
Достық құйып күз мырза қамбасынан, 
Өре берсін төрт түлік ауласынан.
Несібесін, Жаратқан, ала көрме, 
Жаңылмасын пенделер тәубасынан.
Әуелеткен ақ таңда бұлбұл үнін,
Салқар сәттер сағымдай қалды-ау бүгін. 
Бір қуаныш, бір үміт, жұбанышпен, 
Қайтқан құспен ұзаттым күздің күнін.
АНАҒА ТАҒЗЫМ
Мәңгілік жалғасқан сананың, 
Үзілмес тамыры – ананы.
Жүз ақын жырласақ жарысып, 
Жеткізе алдық па шамалы?
Мейірім ананың көзіңде,
Сүйеніш – сәбиге сөзі де.
Аллаһтан кейінгі құдірет,
Сақтаушым Ананың өзінде.
Жақсылық жамалы кигені, 
Перзентін қалткысыз сүйгені.
 Ізгілік дәстүрін әспеттеп,
Сіңіріп бойына түйгені.
Сақтаған халықтың салтын да, 
Аналар ең қымбат алтыннан.
Тең келмес ешқандай нарқың да,
Ананың өзіндік қалпына.
Тәу етіп, толғанған шақта мың, 
Ойымның кенішін ақтардым. 
Анаға жақсылык жасайық,
Не керек құр босқа мақтаудың.
БАҚТЫБАЙМЕН СЫРЛАСУ
Сөзден саумал сапырған сансыз саба, 
Аунап түсіп жаттың ба,  ақын баба. 
Ауылыңда ақ таңнан абыр-сабыр, 
Айтысуға келгендей Мәйке бала.
Сан тараптан сабылып сары белден, 
Өлеңнен енші алғанның бәрі келген. 
Бүгін не көп, әуесқой ақындар көп, 
Құралған мұғалім мен дәрігерден.
Өркені өскен елдердің  ақыны ұлық, 
Әлдеқашан биікке алған шығып.
Еркелеткен өзіңді Жәлмендені
Енді танып келеміз жаңа ұғып.
Тезек сұлтан жоқ төзер тездігіңе,
Емді қайдан табармын ездігіме?
Тасада тұрып алып, тас атқанның 
Ілиястар  ілінген кездігіне.
Шұбар жақтан естілсе шырқалған ән, 
Әуені-ау деп Бақаңның тына қалам. 
Шырқыраған шындықты шыжғыратын, 
Зәру бүгін ақынға мына ғалам.
Ай сәулесі айдынға шағылады,
Жұлдыз біткен жұмаққа жамырады.
Шолпан туды шақырып алыс қырға, 
Шұғылалы атады таңым әлі.
Жаңа ғасыр әне тұр  басталғалы, 
Құдіреті өнердің асқақ әлі.
Жетісуды желпінткен жасын жырдың 
Тербейтінін білемін Астананы.
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ КИЕЛІ
Малынған нұрға даланы 
Мұраға бабам қалдырған. 
Адамдық ақыл-сананы, 
Дарытып бойға қондырған.
Қазағым ән елі, күй елі, 
Ал оның әр жері киелі.
Анамның тиген табаны, 
Жерімді мәңгі сүйемін.
Өзені, көлі, тау-тасы,
Етене жақын, тым ыстық. 
Шалғынға жасыл аунашы, 
Құшағын ашсын тыныштық.
Жаның да бір сәт жай табар, 
Осындай жұмақ қайда бар?!
 Қазақтың елі саялы,
Жаһанға жар сап айта бар!
СҰЛУЛЫҚ МАХАББАТТЫҢ ЕНШІСІНДЕ
Еншілеу мүмкін емес бар бақытты,
Тоқтату мүмкін емес сәл уақытты.
Кетер ме сұлу болып жаман адам,
Алса да жиып-тағып бар жақұтты.
Сырқаттың айналғандай емшісіне, 
Сұлулық махаббаттың еншісінде.
Жаныңды сәулесімен тазартады,
Кешпейтін көлегейлеп кемшінді де.
Сұлулық сұрағанға беріле ме,
Жай көзге жаны сұлу көріне ме?
Жарасқан сын мен сыры жанды көрсең, 
Сұлу күй көкіректен төгілер ме?!
ПЕРІ ҚЫЗЫНА
Ай толғанда кемеріне көрінер деп үмітпен, 
Күтуменен нұр сәулені түгесілді түн біткен. 
Аңсағанның қасіреті – үзе алмайды күдерін, 
Арманына жете ме екен періштесін
шын күткен?
Айдың алтын шарасынан улы шарап ішкенім, 
Жасырынып жұлдыздарға сен де
жерге түспедің. 
Ақ сәуленің арасында жүрген елес болсаң да, 
Патша көңілім тыншымады –
айтылмады іштегім.
Түспей-ақ қой, болсын сенің биіктерде мекенің,
Жер бетінде пенделерге 
Пендегүлдер жетеді.
Періштелер жүру үшін мынау әлем қолайсыз, 
Аппақ түске қара бояу оңай жұғып кетеді.

Қатысты жаңалықтар

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.