Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді.

23 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді.
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Президенттің тапсырмаларын орындау аясында авиация саласын дамыту және ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту, атап айтқанда, әуе тораптарын дамыту, жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық авиакомпаниялар 7,2 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету көлемі 14,4 млн адамға дейін артты. Қазіргі уақытта ішкі авиатасымалдар жалпы жиілігі аптасына 849 рейс болатын 61 бағдар бойынша орындалады.

Соңғы жылдары Қазақстанда 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал реконструкцияланды, Түркістанда жаңа әуежай салынды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл әуе кемелері паркін 16 бірлікке толықтыру күтіліп отырғанын, оның 6-уы бүгінде сатып алынғанын баяндады. Жалпы, 2030 жылдың соңына дейін флот 221 бірлікке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ 2025 жылы 36 бағдарды ашу және жаңарту жоспарлануда. Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде авиация саласына барлығы шамамен $2,9 млрд тарту көзделіп отыр. Қаражатты ірі жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі, сондай-ақ Арқалық туристік аймақтарында жаңа әуежайлар салу, 10 ұшу-қону жолағы мен 10 терминалды реконструкциялау, арнайы техника паркін жаңарту жұмыстарына жұмсалмақ.

Жиында сондай-ақ жүк авиакомпаниясын құру жөніндегі бастаманың іске асырылу барысы қаралды. Бұл жоба әлемдік жүк авиатасымалы нарығының тұрақты өсуіне байланысты қолға алынғалы отыр. Бүгінгі таңда ондағы көлем 57,7 млн тоннаны құрайды, бұл ретте тасымалдардың шамамен 15%-ы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтеді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов әлемдік тәжірибеге сәйкес бастапқы кезеңде үш әуе кемесін жалға алып, кейіннен флотты он бірлікке дейін кеңейту көзделіп отырғанын баяндады. Ұлттық жүк авиатасымалдаушының операторлығымен алғашқы рейсті іске қосу 2026 жылдың басына жүзеге аспақ. Жоба өзін өзі ақтауы үшін отынмен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемі қарастырылуда.

Премьер-министр жүк авиатасымалдаушыны құру бойынша барлық дайындық процестерін барынша жеделдетуді тапсырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хаб ретінде күшейту міндетін қойды. Қазіргі таңда әуежай инфрақұрылымын және ішкі тасымалдарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Соның ішінде жүк авиатасымалдаушыны құру – негізгі жобалардың бірі. Оны жүзеге асыру транзиттік жүк ағындарын Қазақстанға қарай бұруға мүмкіндік береді және жүк авиатасымалы нарығындағы біздің ұстанымымызды күшейтеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.