Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Олжас Бектенов Жетісу облысындағы Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысымен танысты

19.08.2024
КҮНДЕРЕК
Олжас Бектенов Жетісу облысындағы Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, АӨК, өңдеу өнеркәсібін және туризмді дамыту, экономикаға қосатын үлесін арттыру үшін ШОБ-ты қолдау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, де хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Өңірде Үкімет басшысына Алакөл ауданы Үшарал қаласының әуежайында реконструкциялау нәтижесінде ірі әуе кемелерін қабылдай бастаған ұшу-қону жолағының жұмысы туралы баяндалды. Нысан туристік ағынның өсуін ескере отырып, туризмді дамыту үшін ерекше маңызға ие. Бүгінде Астана, Алматы, Талдықорған қалаларына рейстер орындалады. Биыл әуе рейстерін субсидиялауға 653 млн теңге бөлінді, бұл құны 8-18 мың теңге болатын 20 мыңға жуық билетті сатуға мүмкіндік берді.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Президенттің биылғы маусым айында туризмді дамыту бойынша өткен кеңесте берген шағын авиацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өткізу қабілеті сағатына 75 жолаушыны құрайтын Үшарал қаласы әуежайының қосымша терминалы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын баяндады. Қазіргі инфрақұрылымды ескере отырып, нысандар сағатына 125 жолаушыға қызмет көрсететін болады. Жалпы, өткен жылы өңірге 2 млн демалушы келген, 17 жаңа туризм нысаны іске қосылып, 3,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылған. Туризм саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет басшысы инвестиция тарту және тиісті инфрақұрылым құру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жартыжылдық қорытындысына сәйкес Жетісу облысының қысқамерзімді экономикалық индикаторы 110,7%-ды құрады. Мәселен, сауда-саттық көлемі 23%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 33,8%-ға немесе 1,3 есеге, байланыс – 7,5%-ға артты.

Жалпы, өңір әлеуетін агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі және логистика құрайды.

Облыс экономикасы құрылымындағы АӨК үлесі 15,2%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығындағы өсім биылғы қаңтар-маусым айларында 1,2%-ды көрсетті. Саланы дамыту үшін 2022 жылдан бері пайдаланылмай жатқан 1,2 млн гектар жер анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды, оның 800 мың гектардан астамы ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Суару желілерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы дақыл өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктің мәліметінше, егін жинау науқанын ескере отырып, сала көрсеткіштерінің өсуі күтілуде.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов биыл өңірдің АӨК саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылғанын атап өтті. 

Шағын және орта бизнес несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды арттыруға 23 млрд теңге қаражат аударылды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдікпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу секторын дамытуға баса назар аудару тапсырылды.

Өңірде ЖӨӨ үлесі 11,2% құрайтын өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қолда бар өндірістік көрсеткіштерді кеңейту және толық қуатқа шығару жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған шаралар «Алацем», «Қайнар АКБ», «Алмаз Керамикс», «ASMA Indastrial», «SSА Feed Mills», «Майями Солар», «Суффле Қазақстан уыт зауыты», «Ақсу қант зауыты» ЖШС қамтиды. Сондай-ақ бұған дейін тоқтап тұрған «Жетісу Мажико агрокешені» кәсіпорнын іске қосу жұмыстары пысықталуда. Облыста 29 мыңнан астам адам жұмыс істейтін, 554 өнеркәсіп кәсіпорны (оның ішінде 11-і – жүйе құраушы кәсіпорын) бар. Биыл 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы, жыл басынан бері 1,4 есе өсіммен 136,6 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар 2 есеге – 103,5 млрд теңгеге дейін артты. 2024 жылдың соңына дейін 375 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.

Үкімет басшысы жаңа өндіріс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Экономикаға инвестиция тартудың негізгі факторы – инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданған шаралар. 

Биыл «Талдықорған – Үшарал» (287-615 км) және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) республикалық маңызы бар автожол учаскелері пайдалануға беріледі. Сондай-ақ «Лепсі – Балқаш көлі» (0-27 км) автожолында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жыл аяғына дейін «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автомобиль жолының 90 шақырымы асфальтпен жабылады, қалған 15 шақырымына 2025 жылғы туристік маусымға дейін төселеді. Биылғы жоспар – 182 шақырым облыстық маңызы бар жолдар мен 54 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу. Жалпы, жыл соңына қарай облыста екінші және үшінші санаттағы 336 км жол ашылады, бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автожолдардың үлесін 93%-дан 95%-ға дейін арттырады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйін жақсартудың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Жетісу облысы құрылған сәттен бастап күрделі жөндеу мен жаңасын салуды талап ететін әлеуметтік нысандар орта есеппен 50%-ға жаңартылды. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде кемінде 349 мың м2 тұрғын үй салу жоспарда бар. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін 866 пәтер сатып алуға 13,4 млрд теңге қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.