Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өнерде жоқ шекара

3 қазан 2026
КҮНДЕРЕК
Өнерде жоқ шекара

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Достық үйінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңі өтті. Түрлі этнос өкілдерінен құралған жас өнерпаздар бұл күні өзара бақ сынап қана қоймай, мемлекеттік тілге, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген құрметін өнер арқылы көрсетті.

Сахна төрінде домбыра үні күмбірлеп, қазақтың халық күйлері орындалды. Оқушылардың бірі мәнерлеп оқудағы шеберлігін танытса, енді бірі музыкалық қабілетін ортаға салды. Әр өнердің астарында ел мәдениетіне деген ықылас, қазақ тілін үйренуге деген талпыныс пен ортақ құндылықтарға деген құрмет сезілді.

«Мың бала» жобасының басты мақсаты – оқу мәдениетін қолдауға, жас қазақстандықтарды дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтап, дәріптеуге, мемлекеттік тілді дамытуға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған.

Облыстық кезеңге дейін аудандар мен қалаларда іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, үздіктер осы сайыста бақ сынады. Қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті. Оның бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған әлеуметтік желідегі «Мәнерлеп оқу» байқауы болса, екіншісі музыкалық «Бірлікке үн қосқан» номинациясы болды.

Байқау басталар алдында Жетісу облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Айдос Игенбай жас қатысушыларға сәттілік тілеп, шығармашылық жолдарында биік белестерден көрінуіне ізгі тілегін білдірді.

Бұл байқау көптеген бала үшін жаңа ортаға бейімделіп, өз өнерін алғаш рет үлкен сахнада көрсетуге берілген мүмкіндік болды. Солардың бірі – 10 жастағы Роксана Хусаинова. Талдықорған қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы домбыра тартып, қазақтың халық күйі «Нәр ағашты» орындады.

– Домбырада көптен бері ойнаймын. Мұндай байқауға алғаш рет қатысып тұрмын. Музыка мектебінде оқимын, домбыра тартқан маған өте ұнайды. Болашақта да осы өнерімді дамытып, өскенде кәсіби домбырашы болғым келеді, – дейді жас өнерпаз.

Биылғы облыстық кезеңнің қорытындысында барлық қатысушының өнері ескеріліп, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал музыкалық «Бірлікке үн қосқан» номинациясында облыс намысын республикалық кезеңде қорғау мәртебесі Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Анна Тузиковаға бұйырды. Жас өнерпаз Александр Зацепиннің «Көктем вальсі» шығармасын орындап, облыстық кезеңнің жеңімпазы атанды. Енді Аннаны Астана төріндегі республикалық байқау күтіп тұр.

Шара барысында бір сахнаға жиналған әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары өнер арқылы бір-бірін танып, ортақ құндылықтарды сезінеді. Ал достық пен өзара құрметті бала кезден бойына сіңірген ұрпақ елдің ертеңін де берекелі етері анық.

Ясин ОРАЛБЕК

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.