Қарттарымның жайнаған ақ әлемі,
Мейірімге ғана тек бөленеді.
Бір қарасаң дана олар – қарапайым,
Бір қарасаң бала олар – пәк әдемі!
Өздері бір көненің көздеріндей,
Қазақтың биіктігін сезгеніндей.
Ғұмыры – ғибратты сөздеріндей,
Өмірі – өнегелі өздеріндей.
Жүрегінде әдемі шаттық, ар бар,
Тілегінде тамаша тәтті бал бар.
Жастарында – жылдардың керуені,
Шаштарында – мөлдір шық,
ақ қырау бар!
Жүздерінде Алланың назары бар,
Іздерінде өмірдің базары бар.
Қолдарында еңбектің ақ табы мен,
Жолдарында ғасырдың ғазалы бар!
С. КӘКІМҰЛЫ





