Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Парламенттік реформа – жаңа дәуірдің сатысында

8 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет тарихындағы әрбір маңызды кезең халық жадында із қалдырады. Биылғы Жолдау да сондай тағдырлы сәттердің бірі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына тың серпін беретін жаңа саяси реформа туралы ой қозғап, халыққа әділетті қоғам құрудың келесі қадамын көрсетті.

Бұл жолы әңгіме парламенттік реформа жайлы болды. Мемлекет басшысы оны бұған дейінгі барлық өзгерістердің заңды жалғасы деп атап өтті. Расында да, соңғы жылдары елімізде жүргізілген саяси жаңғырулар билік пен халық арасындағы ашық диалогқа жол ашты. Ал енді Парламенттің рөлін күшейту – сол өзгерістердің жалғасы әрі демократиялық мәдениеттің өркендеуінің айқын белгісі.

– Біз «Әділетті Қазақстанды» құруға кірістік. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты – біздің басты ұстанымымыз. 2022 жылы өткен референдумда халықтың басым көпшілігі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына дауыс берді. Бұл – елдің болашаққа деген сенімі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парламенттік реформа жайы Қазақстанда бұған дейін де аз айтылған жоқ. Соңғы жиырма жылдан бері бұл мәселе түрлі деңгейде талқыланып келеді. Демек, бүгінгі бастама – ұзақ уақыттан бері пісіп-жетілген идеяның іске асуы.

Президент Сенаттың тарихи рөліне де тоқталды. Жоғары палата елдің ең күрделі кезеңінде құрылып, тұрақтылықтың тірегіне айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы саяси шайқалуларды еңсеріп, мемлекетке мызғымас іргетас қалағаны – тарихтың ақиқаты. Бүгінде елдің саяси мәдениеті өсіп, азаматтардың белсенділігі артқан тұста Сенаттың міндеті де жаңа мазмұнға ие болмақ.

Саяси реформа дегеніміз – тек билік құрылымындағы өзгеріс емес. Бұл – қоғам мәдениетінің, халықтың азаматтық жауапкершілігінің айнасы. Парламенттің күшеюі – халықтың дауысын естіртіп, пікірін ашық айтуына жол ашатын жаңа дәуірдің басталуы.

Президент айтқандай, реформа – үздіксіз жүретін үдеріс. Бүгін басталған өзгеріс ертеңгі ұрпақтың тағдырына ықпал етеді. Демек, парламенттік реформа – Қазақстанды әділетті, демократиялық, мәдениеті биік мемлекетке айналдырудағы маңызды қадам.

Қазір біз жаңа дәуірдің табалдырығында тұрмыз. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі – халықтың сөзі, халықтың еркі, халықтың таңдауы. Сондықтан әрқайсымыз ел болашағына бейжай қарамай, саяси мәдениетімізді арттырып, азаматтық жауапкершілігімізді нығайтуымыз қажет. Әділетті Қазақстан құру – тек Президенттің немесе Парламенттің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ ісі.

Ерлік ЖУАСБЕК,
Б. Римова атындағы драма театрының директоры

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.