Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Премьер-министр министрліктерге дәрігерлер мәселесін шешуге 10 күн уақыт берді

23 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Премьер-министр министрліктерге дәрігерлер мәселесін шешуге 10 күн уақыт берді

in.pinterest.com

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауруханалардағы тәртіп мәселесіне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Кеңеске Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысты.

Отырыста Үкімет басшысы бұл мәселенің маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қажет. Ақ халаттыларға жасалатын кез келген шабуылға заң аясында қатаң тосқауыл қойылуы тиіс. Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктеріне 10 күн ішінде медицина қызметкерлеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолданғандарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке байланысты заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырамын», – деді Премьер-министр.

Сонымен қатар халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

170-тен астам шабуыл тіркелген

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелер мен өзге де медицина қызметкерлеріне қатысты 170-тен астам шабуыл тіркелген.

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда:

  • медицина қызметкерлеріне шабуылды құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған шабуылмен теңестіру,

  • ауруханаларда кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу,

  • смарт-бейнежетондар мен тәулік бойы полиция бекеттерін орнату қарастырылуда.

Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің хабарлауынша:

  • Перзентханалар мен қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы полиция бекеттері қойылған,

  • 115 денсаулық сақтау нысаны күзетке алынған,

  • Полиция патрульдерінің бағыты осы мекемелерге жақындатылған.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдарға қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістерді азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Парламентте талқылауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.