Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі жаңа мүшесін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі мүшесі қызметінен босатылған болатын.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов





