Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дадебаев Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасымен жұмыс істеуге ерекше мән бергенін атап өтті. Президент азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстарды мұқият зерделеп, негізгі заңның баптарын дайындауға тікелей атсалысқан, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Айбек Дадебаевтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны дайындауға арнайы уақыт бөлген. Президент құжаттың мазмұнына, әсіресе кіріспе мен баптардың редакциясына кеңесшілермен және сарапшылармен бірге егжей-тегжейлі талданған.
«Соңғы жарты жылда Мемлекет басшысы парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының өкілдерімен және Конституциялық комиссия басшыларымен аптасына кемінде бір рет кездесіп тұрды. Бұл кездесулер көбіне бір сағаттан асатын», – деді Президент Әкімшілігінің Басшысы.
Жаңа Конституция жобасында Президенттің мемлекет пен қоғамды дамыту жөніндегі саяси көзқарастары мен ұстанымдары толық көрініс тапқан. Айбек Дадебаев Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның басты авторы екенін жеткізді.





