Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Ассессмент-орталық» бірінші блогынан өткен қатысушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Ассессмент-орталық 22-26 тамыз аралығында өтті. Бұл кезеңде кандидаттар нақты жұмыс жағдайларына жақын тапсырмалар орындап, олардың аналитикалық ойлау қабілеті, коммуникативтік дағдылары, көшбасшылық қасиеттері және топпен жұмыс істей білу қабілеті бағаланды.
Байқауға барлығы 309 кандидат қатысқан болатын. Оның ішінде ең жоғары нәтижеге қол жеткізген 200 үміткер келесі кезеңге өтті. Олар мынадай бағыттар бойынша бөлінді:
-
«Экономикалық және қаржылық саясат» – 28 кандидат;
-
«Сыртқы саясат және инвестициялар», «Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты» – әрқайсысы бойынша 32 кандидаттан;
-
«Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау», «Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам», «Цифрландыру» – әрқайсысы бойынша 36 кандидаттан.
Келесі кезең – «Құзыреттер бойынша сұхбат» блогы 23-28 қыркүйек аралығында онлайн форматта кәсіби HR-сарапшылардың қатысуымен өтеді. Бұл сұхбат барысында кандидаттардың ішкі мотивациясы мен құндылықтық бағдарлары айқындалмақ.
Қатысушылар 22 қыркүйек, сағат 23:59-ға дейін жеке кабинеттері арқылы сұхбат уақыты мен күнін таңдауы тиіс. Толық тізім pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланған.





