Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қабырға – жарнама тақтасы емес

23 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Қабырға – жарнама тақтасы емес
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Jetisý jastary» және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы бірлесе отырып, «Қабырға – жарнама емес» атты кең ауқымды акция өткізді.

Бұл бастама қоғамды нашақорлықтың зиянынан қорғап, жастардың санасына саламатты өмір салтын сіңіруді мақсат еткен игі шара. Алпысқа жуық еріктілер мен тәртіп сақшылары күні бойы қаланы аралап, тұрғын үйлердің қабырғалары мен аялдамаларға жазылған есірткіге қатысты заңсыз жарнамаларды өшірді. Арнайы құралдармен тазартылған әрбір қабырға жастардың ертеңіне деген қамқорлықтың көрінісіндей. «Жастар рухы» облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сайлаубай:

– Біз полиция департаментімен бірлесіп, жыл басынан бері жүзге жуық осындай шара ұйымдастырдық. Тек Талдықорғанда ғана емес, облыстың барлық ауданы мен елді мекенінде өтіп отыр. Өкінішке қарай, кейде бүгін өшірілген жазу ертең қайта пайда болады. Бірақ біз мойымаймыз, қолдан келгенше күресіп келеміз, – дейді.

Оның айтуынша, жастар арасындағы белсенділік – қоғам денсаулығының айғағы. Себебі, бұл күрес тек бояу мен өшіру жұмысы емес, сананы тазарту жолындағы азаматтық міндет.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Меруерт Искакова да мәселенің өзектілігін атап өтті.

– Есірткіге қарсы күресті біз мектеп пен университеттен бастаймыз. Себебі, нашақорлықтың уы алдымен жастардың санасын улайды. Бүгін екінші, үшінші және төртінші ықшамаудандарды тексеріп шықтық. Биыл облыс бойынша есірткіге қатысты 146 құқықбұзушылық тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 124 болатын. Демек, ахуалдың ушығып келе жатқаны байқалады. Сондықтан алдын алу шараларын күшейту қажет, – дейді ол.

Жастар мен полицияның бірлескен әрекеті қоғамға айқын үлгі. Себебі, бүгін боялған бір қабырға ертең аман қалған бір тағдыр. Ал есірткі жарнамасы – елдің болашағына балта шабатын індет. Ал оны көрмегенсіп өту – үнсіз келісіммен пара-пар. Қала көшелерімен қатар сана да тазарса нашақорлыққа қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу мен акцияның нағыз жеңісі сол болмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.