Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды

Бүгінде Жетісу облысының орталығында қаланы абаттандыру ісі қарқынды. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

20 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды
WhatsAppTelegramFacebook

Алдымен қаладағы орташа жөндеуге тиіс Гаухар ана көшесіне атбасын тіреген шаһар басшысы жауатыларға онымен қиылысатын көшелердегі жол белгілерін қайта қарап, қажетті өзгерістер енгізуді және автотұрақтар санын көбейтуді тапсырды. Себебі, бұрын Гаухар ана көшесімен бір бағытта ғана көлік жүретін. Биылдан бастап аталған көше бойымен екі бағытта қоғамдық көлік жүргізу жоспарланған. Бұл Гаухар ана мен қанаттас жатқан Қабанбай батыр көшесімен жүретін автобустардың жүктемесін азайтуға мол мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, қала әкімі жол бойындағы жабайы сауданы жою және саудагерлерге қатысты заң аясында шара қолдану қажеттігін қатаң ескертті.

Сала басшыларының айтуынша, орталық базар маңындағы Біржан сал, Гаухар ана көшелері ұзақ жылдар бойы әбден жабайы сауда алаңына айналып кеткен. Бұрын жолдың екі жағасына жайылған жеміс-жидектер мен басқа да тауарлардан және иін тірестіре қойылған көліктерден қала тұрғындарының базарға кіруі мұң болған. Осыған сай мұндай келеңсіздіктерді жойып, базар аумағын ретке келтіру мақсатында биыл Арбат аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта қала әкімінің тапсырмасы бойынша  жол жиегін және жаяу жүргіншілер жолын заңсыз иеленіп алған жабайы сауда орындарын тазарту жұмыстары жалғасуда. Ал, саудагерлердің заңды әрі алаңсыз жұмыс жасауы үшін бүгінде қаладағы Абай – Гаухар ана көшелерінің қиылысында заман талабына сай жаңа әмбебап базар салынуда.

– Ұзақ жылдар бойы қала орталығындағы жабайы сауда мәселесі өзекті болып келді. Енді бұл мәселені жүйелі түрде шешуге кірістік. Мысалы, Біржан сал көшесі – осының айғағы. Бұрын бұл көшеде де жол үстінде сауда қызатын. Қазіргі таңда аталған көше толық абаттандырылып, қала тұрғындары үшін жаңа демалыс орнына айналып отыр. Мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз, – деді Ернат Дүйсенбекұлы.

                                                                                                                       Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.