Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

«Қар түспей қамдан»: көлікті қысқа дайындаудың қымбатқа түспейтін жолы

17.11.2025
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК
«Қар түспей қамдан»: көлікті қысқа дайындаудың қымбатқа түспейтін жолы

ChatGPT

WhatsAppTelegramFacebook

Қылышын сүйретіп қыс келгенде елдің бәрі әбігерге түседі. Әсіресе, көлігі барлар. Дөңгелек ауыстыратын орталықтарда ұзынсонар кезек пайда болып, жол апаты да жиілейді. Сонда да «дөңгелек ауыстыру керек пе, әлі ерте ме?» деп ойланатындар да жоқ емес. Бірақ көлікті қысқа дайындау – тек шинамен шектелмейтін шаруа. Темір тұлпарды қыстың қатал сынына төтеп беретіндей ету үшін жүргізуші бір емес, бірнеше маңызды бөлшекті тексеріп, уақтылы ауыстыруы керек. Өйткені аяз түскенде ақау іздеудің кеш болатыны айтпса да белгілі.

Көлік  дайындығы дөңгелекпен ғана бітпейді

Көпшілік көлікті қысқа дайындауды тек «дөңгелекті ауыстыру» деп қабылдайды. Негізінде бұл – көліктің қозғалтқыш майы, антифризі, аккумуляторы, жылыту жүйесі, жүріс бөлігі (ходовая часть), тіпті терезе сүрткіші мен шамына дейін тексеруді қажет ететін толық процесс.

Осы орайда сол саланың маманынан пікір алған едік. Көлік жөндеудің шебері Алматтың айтуынша, жүргізушілердің көбі майды таңдау кезінде қателеседі.

«Ескі көліктерге көбісі 10W-40 майын құяды. Бірақ зауыт ұсынып отырған май – 5W-30 немесе 5W-40. Аязда 10W-40 қатайып, қозғалтқышты айналдырмай қояды. Нәтижесінде стартерге, аккумуляторға салмақ түсіп, бәрі істен шығуы мүмкін», – дейді ол.

Қатты суықта көлікті газбен (горелкамен) қыздыру – ең қауіпті қателік. Мұндайда өрт шығу қаупі жоғары. Сондықтан көлікті қар түспей тұрып, күздің өзінде дайындаған дұрыс. Әйтпесе боранды күні үйіңе маман шақырып, уақыт пен жүйкеңді сарқасың.

Қысқы дөңгелек – қауіпсіздіктің кепілі

Қазақстанның климаты әртүрлі: солтүстікте – аяз бен боран, оңтүстікте – жаңбыр мен сулы қар. Сондықтан дөңгелек те аймақ ерекшелігіне қарай таңдалуы тиіс.

Қысқы дөңгелектің үш түрі бар:

  1. Тікенекті (шегелі) – көктайғақ жиі болатын өңірлерге лайық.

  2. Скандинавиялық «жабысқақ» – қалың қар түсетін, суық аймақтарға арналған.

  3. Еуропалық «жабысқақ» – Алматы секілді қысы жұмсақ, жаңбырлы өңірлерге сай.

Маман кеңесі:

«Дөңгелек таңдағанда өзің тұрып жатқан өңірдің табиғи ерекшеліне назар аударған жөн. Одан кейін қала ішіне немесе үлкен жолда көбірек жүресің бе, соны да ескеру керек», – дейді механик Нұрбол Доламбеков.

Дөңгелектегі белгілер не білдіреді?

Көп жүргізуші дөңгелектегі таңбалардың мәнін білмейді. Мысалы, R әрпі радиус емес, дөңгелектің құрылысы екенін көрсетеді.
M+S – қар мен батпаққа арналған;
Treadwear 220 – тозу деңгейі;
Traction A – тежегіш тиімділігі;
Temperature A – ыстыққа төзімділік.

Дөңгелектің жасалған уақыты да маңызды. Ол бүйірінде төрт таңбалы санмен көрсетіледі, мысалы 5016 – 2016 жылдың 50-аптасы. Сарапшылар 2 жылдан артық қоймада жатқан шинаны алмауға кеңес береді.

Заң не дейді?

Қазақстанда 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелек орнатпаған жүргізушілерге 5 АЕК айыппұл салынады. Егер жыл ішінде екінші рет қайталанса, айыппұл 10 АЕК болады. Бұл талап тек қауіпсіздік үшін емес, жол апаттарының алдын алу мақсатында енгізілген.

Автосарапшылардың айтуынша, техникалық тұрғыдан алғанда дөңгелекті ауыстыруға ең қолайлы сәт – ауа температурасы +7°С-тан төмендеп, осы деңгейде кем дегенде бір апта сақталған кез. Қардың жауғанын күтудің қажеті жоқ: мұз алдымен көрінбей пайда болады, ал апат көбіне дәл сол кезде орын алады.

Ескі көлік – ерекше күтімді қажет етеді

2025 жылғы дерек бойынша елде 6,46 миллион көлік бар, оның 67%-ы он жылдан асқан. Демек, автопарктің басым бөлігі – ескі техника. Мұндай көліктерге тұрақты техникалық тексеріс, пеш радиаторын тазалау, жылыту жүйесін жөндеу, аккумуляторды ауыстыру сияқты шаралар қажет.

Механик Нұрбол Доламбеков:

«Кейбіреулер сымы шыққан дөңгелекпен жүре береді. Мұндай жауапсыздық – өмірге қауіп. Ал кейбірі ескі свечаны ауыстырмай, қыста көлігін оталдырмай әуре болады. Қарапайым күтімнің өзі қыстағы апаттың алдын алады», – осылай дейді.

Жазда кондиционер қаншалықты маңызды болса, қыста пеш те дәл солай маңызды. Пештің радиаторы бітеліп қалса, салонда жылу дұрыс жүрмейді. Ал егер радиатор жарылса, жағдай тіпті қиындайды: салонға су кіреді, әйнек буланып, көру нашарлайды, антифриз босап, моторды да күйікке ұрындыруы мүмкін. Кейбір көліктердің пешін жөндеу үшін бүкіл алдыңғы панельді шешуге тура келеді – бұл әсіресе ескі көліктерде жиі кездесетін ауыр әрі қымбат жұмыс.

Қысқы дөңгелектің бағасы неге қымбаттайды?

Мамандардың сөзінше, қыс жақындаған сайын дөңгелек бағасы күрт өседі. Бұл – нарық заңы. Сондықтан шина мен техникалық сұйықтықтарды жаздың соңында немесе күздің басында алған тиімді. Осылайша, кезек күтіп, қарбаласқа түспейсіз және шығын азаяды.

Қыстың көзі қырауда. Бірақ шын мәнінде сынақты қыс емес, біздің салғырттығымыз тудырады. Қар жауған күні шұғыл дөңгелек ауыстыру, аяз түскенде ғана ойлану, пеш бұзылғанда ғана жылу іздеу – бұның барлығы ертеңгі күні көп шығынға алып келетін жайт. Сондықтан көлікті қысқа әзәрлеу тек темір тұлпарға жасалған жанашырлық емес, өз өмірімізге, отбасымызға, айналамыздағы адамдарға деген жауапкершілік.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.