Қаратал ауданында «Кітап оқитын ұлт» атты конкурс өткізіледі. Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан тұжырымдамасына негізделіп ұйымдастырылуда. Конкурс жас ұрпақ пен аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Конкурс мерзімі: 2025 жылдың қыркүйек айынан 2026 жылдың 25 мамырына дейін. Жоба жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
Бағыттары:
Конкурс бес бағыт бойынша өтеді:
-
«Кітап оқитын мектеп»
-
«Кітап оқитын колледж»
-
«Кітап оқитын педагог»
-
«Кітап оқитын әулет»
-
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
Қатысушылар:
Конкурсқа мектеп оқушылары, колледж студенттері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер және аудан әулеттері қатыса алады. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай санаттарға бөлінеді:
-
7–11 жас
-
12–16 жас
-
17–22 жас
-
Ересектер (23 жастан жоғары)
Конкурстың шарттары:
-
Қатысушылар ұйымдастырушылар ұсынған кітаптардың бірін немесе бірнешеуін оқуы тиіс.
-
Әр қатысушы келесі бағыттардың бірін таңдай алады:
-
Эссе жазу (кітап туралы ой-пікір, әсерімен бөлісу)
-
Көркем оқу (кітаптан үзінді мәнерлеп оқу)
-
Бук-трейлер (қысқаша бейнеролик жасау)
-
Пікірталас/шолу (оқылған шығарманы талдау)
-
-
Жұмыстар белгіленген мерзімде қабылданады.
Бағалау өлшемдері:
-
Тақырыпты ашу деңгейі
-
Шығармашылық көзқарас
-
Тіл мәдениеті мен ойдың жүйелілігі
-
Мәнерлеп оқу шеберлігі (көркем оқу бағыты бойынша)
-
Бейнероликтің сапасы (бук-трейлер бойынша)
Қорытынды шығару және марапаттау:
-
Конкурс қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталады.
-
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
-
Белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушылар:
Қаратал ауданының әкімдігі және «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ.





