Талдықорған: +21°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаржы кезек күттірмейтін қажеттілікке жұмсалады

«Бюджет – резеңке емес». Бұл лауазымды тұлғалардың жиі айтатын сөзі. Дейтұрғанмен, қысқа жіп күрмеуге келмей, күрмеуге келгеннің өзінде байлауға ыңғай болмай тұрған сәтте айтылуы орынды. Шынында бюджет резеңке емес. Жетісу облыстық мәслихатының кезекті ХХХ сессиясына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек ЖАҚАНБАЕВТЫҢ айтуынша, бюджет халыққа қажетті һәм уақыт күттірмейтін жобаларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ал қалған мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.

18.09.2025
КҮНДЕРЕК
Қаржы кезек күттірмейтін қажеттілікке жұмсалады

skma.edu.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Отырыста сөз алған Әлібек Әскербекұлы халық қалаулылары алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады. Айтуынша, жыл басынан бері облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторлық көрсеткіші 112,5 пайызға жеткен. Мұндай нәтижеге өңірдің локомотиві саналатын салаларда ауқымды һәм ілкімді жұмыстың жүргізілуі сеп. Қазір ауыл шаруашылығындағы өсім 2,1 пайыз, өнеркәсіпте 5,5 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру 24,5 пайыз көлемде өскен. Облыс экономикасының жетекшісі ауыл шаруашылығында өңір диқандары 500 мың гектарға дән сепкен еді. Бүгінде шаруалар 276,5 мың гектар дәнді дақылды жинаған. Қамбаға 421 мың тонна астық құйылған. Негізі сала жетекшілерінің жоспарына сай биыл 1,86 мың тоннаға жуық өнім жиналуы тиіс. Сол жоспарда 540 мың тонна қант қызылшасын қамбаға құю бар. Нәтижесінде 78 мың тонна қант өндірілмек. Ол үшін тиімді қарекет бар. Ақсу қант зауыты күрделі жөндеуден өтіп, жылына 450 мың тонна тәтті түбір өңдеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Көксу қант зауыты 2026 жылы қуаттылығын 250 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттырады.

– Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Осыған орай, өңдеу өнеркәсібінде биыл 6 өндіріс іске қосылды. Сондай-ақ, 2 өндіріс кеңейтілді. Жалпы биыл облыс экономикасына 271,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,6 пайызды құрады. Оның ішінде, жеке инвестициялар 21,7 пайызға артып, 194,0 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері 22,1 млрд. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып, 257 жұмыс орны ашылды. Жалпы, биыл 89,6 млрд. теңгеге 53 жоба жүзеге асырылып, 1647 жұмыс орны құрылуда, – деді Әлібек Жақанбаев.

Мәслихат мінберінде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуат Оспанов өңір құқық қорғаушыларының атқарған жұмысын саралады. Сөзіне сенсек, былтырға қарағанда қылмыс 12,6 пайызға азайған. Өткен жылдың 8 айында 2157 қылмыс тіркелсе, биыл 1885 іс тіркеліпті. Орын алған заң бұзушылықтардың ашылуы да жақсарған, көрсеткіш 74,4 пайызға жеткен. Есесіне кәмелетке толмағандардың қылмысы 20 пайызға өскен. Қуат Оспанов осындай дәйектерден соң өңір құқық қорғаушыларының әлеуетін асыру үшін бюджетке сұрау салды. Айтуынша, бейнекамераларға, жылдамдықты өлшеу кешендеріне 23 млрд. теңге, байланыс құралдарын орнатуға 1,9 млрд. теңге, департаментке қарасты төрт әкімшілік ғимаратын жаңғыртуға 544,8 млн. теңге және облыс құқық қорғаушыларының қарауындағы 7 ғимаратты газ желісіне қосуға, жедел әрекет ету жасағының ғимаратын жаңғыртуға миллиондаған теңге қажет. Өз кезегінде, Әлібек Жақанбаев мұндай соманы бөліп бере салу мүмкін емес екенін жеткізді.

– Бюджеттен мол қаржы сұратып отырсыздар. Сіздер қазірдің өзінде игере алмай жүрген қаржы бар. Бөліп бергеннің өзінде саладағы жұмыс 100 пайыз тамаша бола қоймайды. Көлбай ауылындағы көлік апатында қарапайым эвакуатордың жоғын білдік. Міне, әуелі қаржы осындай кемшін және аса қажет бағыттарға жұмсалуы керек, – деді Әлібек Әскербекұлы.

Сессияның кезекті отырысында, мұнан бөлек, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жайы мен ҚР Президентінің «Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы» Жарлығының облыста жүзеге асу барысы таразыланды. Халық қалаулылары атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.