Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян қатысты.
Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдарының 500-ден астам өкілі, соның ішінде Қытайдың 70-тен аса ірі корпорация басшылары келді.





