Талдықорған: +19°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

26.03.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

BAQ.KZ/Коллаж

WhatsAppTelegramFacebook

Бастапқы кезеңде шамамен 700 млн доллар көлемінде цифрлық активтер портфелін құру қарастырылуда.

Қазақстан мемлекеттік активтердің бір бөлігін криптоактивтерге инвестициялау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мәселе Ұлттық банктің күн тәртібіне енгізілген. BAQ.KZ редакциясы бастаманың параметрлерін, соның ішінде инвестиция көлемі мен қаржыландыру көздерін нақтылау үшін ресми сауал жолдаған.

Ұлттық банк сауалға берген жауабында әңгіме нақты белгіленген параметрлер мен тәуекел деңгейлері бар шектеулі криптопортфель қалыптастыру туралы екенін мәлімдеді.

Бастапқы кезеңде шамамен 700 млн доллар көлемінде цифрлық активтер портфелін құру қарастырылуда. Оның 350 млн доллары алтын-валюта резервтері есебінен, тағы 350 млн доллары Ұлттық қор қаражатынан бөлінуі мүмкін. Екі жағдайда да бұл тиісті активтердің шамамен 0,5 пайызына тең.

Мұндай тәсіл халықаралық резервтердің тұрақтылығы мен өтімділігін бұзбай, қарқынды дамып келе жатқан нарық сегментіне қатысуға мүмкіндік береді. Болашақта крипторезервке салынатын инвестиция көлемі 1 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін, – делінген Ұлттық банктің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында.

Реттеуші органның мәліметінше, криптовалюталарға тікелей инвестициялар шектеулі болады және тәуекел профилі мен белгіленген лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі басымдық әртараптандырылған тәсілге беріледі: портфельге тек цифрлық активтер ғана емес, сонымен қатар туынды қаржы құралдары мен криптоиндустрияда жұмыс істейтін компаниялардың акциялары да енгізілуі мүмкін.

Инвестицияларды басқару Ұлттық банктің еншілес ұйымы – «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ-ға жүктеледі. Портфельдің тиімділігі жыл сайын бағаланатын болады.

Сондай-ақ цифрлық активтерді есепке алу мен сақтау қызметін Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі қамтамасыз етеді. Үкімет тәркіленген цифрлық активтерді крипторезерв құрамына беру және оларды әрі қарай пайдалану тетіктерін де қосымша қарастыруды жоспарлап отыр, – деп жауап берді Ұлттық банк.

Ұлттық банктің пікірінше, Ұлттық стратегиялық крипторезерв құру халықаралық резервтерді әртараптандыру мен елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

26.03.2026
Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

26.03.2026
Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

26.03.2026
Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

26.03.2026
Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.