«Бұл реформа тоқтатылды, өйткені біз фундаменталды ғылымдардың жеке оқытылуы маңызды деп санаймыз», – деді Сүлейменова.
Министр атап өткендей, бұл мәселе сондай-ақ мұғалімдердің жүктемесіне қатысты болғандықтан, оны педагог қауымдастығының қатысуымен талқылаған.
«Балаларымыздың цифрлық әлемде фундаменталды пәндерді жақсы меңгеруі үшін бұл реформаны тоқтаттық. Апробация жүргізілді, бірақ барлық пәндер жеке оқытылады», – деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мектептеріндегі пәндер санын қысқарту мүмкіндігі туралы хабарланған еді.




