Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан мен Қытай арасында 58 коммерциялық келісімге қол қойылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл жиын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жуырдағы кездесуі барысында жасалған келісімдерді орындау мақсатында ұйымдастырылды.

20 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстан мен Қытай арасында 58 коммерциялық келісімге қол қойылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 66,4 миллиард долларды құрайтын 224 индустриялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар шамамен 50 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2005–2024 жылдар аралығында Қытай тарапынан Қазақстан экономикасына 26,4 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйылған. Қытай қазіргі таңда еліміздегі ең ірі бес шетелдік инвестордың қатарына кіреді.

Кеңесте Премьер-Министр ҚХР төрағасының Қазақстанға жасаған сапары екіжақты экономикалық қатынастарға тың серпін бергенін атап өтті. Атап айтқанда, Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында екі ел арасында 58 коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл құжаттардың жалпы құны 24 миллиард долларды құрайды.

Президент Тоқаев 2029 жылға дейін кемінде 150 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция тарту міндетін қойған болатын. Осы мақсатқа жету үшін шикізаттық емес сектор мен экспортқа бағытталған өндірістерге басымдық беру қажет. Олжас Бектенов бұл тұрғыда Қытаймен толыққанды кооперацияны тереңдету аса маңызды екенін атап өтті.

Премьер-Министр Абай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа бірлескен жобалардың жоқтығына алаңдаушылық білдіріп, бұл өңірлерге шетелдік серіктестермен тығыз байланыс орнату жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Жергілікті билікке қысқа мерзім ішінде бастамалар дайындап, өңірлік делегациялардың Қытай провинцияларына сапарларын ұйымдастыру тапсырылды.

Қазіргі таңда бірнеше аймақтарда нақты жобалар бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, Алматы облысында «жасыл» энергетика, логистика, агроөнеркәсіп және өндіріс салаларында жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын 7 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ Астана қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары инфрақұрылым, агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларында бастамалар көтеріп отыр.

Кеңес қорытындысында орталық және жергілікті атқарушы органдарға:

  • Қол қойылған келісімдерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру,

  • Жобаларды толық сүйемелдеу,

  • Бірыңғай мемлекеттік инвестициялық саясат аясында жұмыстарды үйлестіру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.