2025 жылы Қазақстанда 234,9 мың автокөлік сатылды. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағы мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Одақ басшысы Анар Мақашеваның айтуынша, 2026 жылы нарық көлемі 247 мың көлікке дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл – шамамен 5 пайыздық өсім.
2025 жылы ең көп сатылған автокөлік брендтерінің ТОП-10 тізімі төмендегідей:
Hyundai – 50 868
Chevrolet – 38 880
Kia – 23 402
Chery – 14 570
Jetour – 14 507
Haval – 11 688
Toyota – 11 338
Changan – 11 260
JAC – 10 330
Geely – 9 621
Аталған он брендтің сегізі Қазақстан аумағында құрастырылады. Бұл отандық автоөндірістің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.
2025 жылы ең көп сатылған автокөлік модельдерінің ТОП-10 тізімі:
Chevrolet Cobalt – 31 802
Hyundai Tucson – 20 697
Kia Sportage – 10 988
Hyundai Mufasa – 8 203
Hyundai Elantra – 7 867
Hyundai Santa Fe – 5 764
Chevrolet Onix – 5 732
Changan CS55 Plus – 5 558
Chery Tiggo 2 – 5 278
JAC S3 Pro – 5 127
Бұл модельдердің барлығы Қазақстан аумағында өндірілген. Бұған дейін 2026 жылы елдегі автокөлік өндірісі 200 мың данадан асуы мүмкін екені хабарланған.





