Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Бұл туралы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, “Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру” бағыты бойынша шығындар көлемі мынадай болады:
- 2026 жылы – 6,83 трлн. теңге,
- 2027 жылы – 7,51 трлн. теңге,
- 2028 жылы – 8,09 трлн. теңге.
Бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеу;
- Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүргізу;
- Мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу;
- Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;
- 1,5 жасқа дейін бала күтімімен отырған ата-аналар үшін зейнетақы жарналарын субсидиялау.
Орташа зейнетақы мөлшері:
- 2026 жылы – 103 687 теңге
- 2027 жылы – 108 940 теңге
- 2028 жылы – 113 995 теңге
Базалық зейнетақы:
2026 жылдан бастап базалық зейнетақының көрсеткіштері өзгертіледі:
- Ең төменгі базалық зейнетақы – күнкөріс минимумының 70 пайызы,
- Ең жоғарысы – 118 пайызы болады.
- 2027 жылдан бастап ең жоғары базалық зейнетақы 120 пайызға жетеді.
Орташа базалық зейнетақы мөлшері:
- 2026 жылы – 54 082 теңге
- 2027 жылы – 58 276 теңге
- 2028 жылы – 61 527 теңге





