Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті жеңілдету немесе ішінара декриминализациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 274-бабына қатысты өзгерістер енгізу мәселесі қазір мемлекеттік органдар деңгейінде талқыланып жатыр.
Министрлік бұл бапты декриминализациялау мүмкіндігін қарастырып отыр және бұл ықтимал деп санайды, – деді ол.
Сонымен қатар вице-министр түпкілікті шешім тек бір ведомство шеңберінде емес, жалпы Үкімет деңгейінде қабылданатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта жауапкершілікті ішінара жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар арасында консультациялар өтіп, ұсыныстар пысықталуда.
Бұл 274-бап көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Талқылау қорытындысы бойынша қолданыстағы нормаларды жұмсартуға бағытталған өзгерістер ұсынылуы мүмкін.
Дереккөз: BAQ.KZ





