Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда импорттық тауарларға минималды бағалар деңгейі енгізіледі

5 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда импорттық тауарларға минималды бағалар деңгейі енгізіледі

Pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда бірқатар импорттық тауарларға минималды бағалар деңгейі (МБД) енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 маусымда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мына тауарларға МБД қолдану туралы шешім шығарды:

  • азық-түлік өнімдері: ірімшік, сүзбе, картоп, қырыққабат, сәбіз, саңырауқұлақтар, банан, апельсин, мандарин, алма, хурма, көкжидек, күнбағыс дәндері, маргарин, шұжық, макарон өнімдері;

  • өнеркәсіптік тауарлар: минералды және химиялық тыңайтқыштар, еріткіштер мен сұйылтқыштар, антифриздер, шлак мақтасы, минералды силикат мақтасы, отқа төзімді кірпіштер.

Минималды бағалар деңгейі тауарлардың көтерме және бөлшек бағасына әсер етпейді. Ол тек импорт кезінде салықтарды есептеу үшін қолданылады.
МБД – импорт кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден жалтаруды болдырмау үшін енгізілген механизм.

Сауда және интеграция министрлігі республикада өндірілмейтін тауарларға МБД есептеудің жаңа формуласын анықтайтын бұйрық жобасын әзірледі.

  1. Қазақстанда өндірілетін тауарлар;

  2. Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар.

МБД мөлшері импорттаушы көрсеткен баға мен отандық өндірушілер бағасының орташа шамасы негізінде есептеледі. Бұл көрсеткіш тек ҚҚС сомасын айқындауға пайдаланылады.

МБД тетігі 2021 жылы қабылданып, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыла бастады. Ол негізінен салық органдарының бастамасымен тауарлардың тым төмен бағамен әкеліну жағдайларын болдырмау үшін енгізілген.

Мысалы:

  • нарықтық құны 500 теңге болған алма 9 теңгеден,

  • нарықтық құны 1200 теңге болған банан 23 теңгеден,

  • нарықтық бағасы 900 теңге болған апельсин 22 теңгеден,

  • шамамен 3500 теңге тұратын шұжық 695 теңгеден импортталған жағдайлар тіркелген.

Бұл – ҚҚС сомасының айтарлықтай азаюына әкеліп, бюджетке түсетін кірістерді төмендеткен.

Министрлік бұл тетікті енгізу арқылы адал бәсекелестікті сақтап, ішкі нарықты қорғауды және салық түсімдерін арттыруды көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.