Қазгидромет синоптиктері 16, 17 және 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш тәулікте Орал тауы маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Сол себепті көптеген өңірлерде жауын-шашын, соның ішінде қар мен жаңбыр, көктайғақ, сондай-ақ желдің күшеюі мен боранның болуы мүмкін, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Синоптиктер хабарлағандай:
-
18 ақпаннан бастап циклонның артынан Хельсинки маңынан жылжитын антициклон әсер етеді. Бұл солтүстік өңірлерде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
-
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді.
-
Оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылы болады. Бұл Қара теңіз маңынан келетін кезекті циклондын әсерімен байланысты.
Бұған дейін синоптиктер ақпан айына арналған жалпы ауа райын да жариялаған болатын. Мамандардың болжамынша, ақпан әдеттегіден жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде болады.





