Қазақстандық әскери қызметкерлер тұрғын үй төлемдерінің қолданыстағы шарттарын өзгертпеуді талап етуде, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Gosrating.com платформасында Гүлнұр Қалелова бастаған петиция жарияланып, онда әскери қызметкерлерге тұрғын үйге қатысты төлемдердің қазіргі тәртібін сақтап қалу жөнінде талап қойылған.
Петицияда мынадай талаптар көрсетілген:
-
тұрғын үй төлемдерінің қолданыстағы шарттарын нашарлатпай сақтау;
-
қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлерге қатысты өзгерістерді кері күшімен енгізуге жол бермеу;
-
кез келген реформа әзірлеу кезінде әскери қызметкерлердің пікірін ескеру;
-
Қорғаныс министрлігі, әскери қызметкерлер және қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық талқылау өткізу.
«Мемлекет өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін күн сайын өмірін қатерге тігетін әскери қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін толық орындауы тиіс», – делінген петиция мәтінінде.
Бүгінгі күнге дейін бұл бастаманы 1569 адам қолдап, 505 адам қарсы дауыс берген.
Еске сала кетейік, бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін жеке депозиттік шотқа аударуға тыйым салынатыны хабарланған болатын.





