Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар азық-түліктің қымбаттауына наразы: Сауда министрлігі баға өсімін жоққа шығарды

21 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтар азық-түліктің қымбаттауына наразы: Сауда министрлігі баға өсімін жоққа шығарды

7-su.kz/ Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандықтар соңғы уақытта әлеуметтік желіде азық-түлік бағасының өскенін айтып, шағымдарын білдіруде. Осыған қатысты Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Желі қолданушылары қымбатшылық белең алғанын айтып, үкіметтен бағаны реттеуді сұрап жатыр:

  • «Бағалар расымен сұмдық болып жатыр. 3 кг фаршты 15 000-ға, 5 кг етті 25 000-ға алдым. Жақсы, біреудің шамасы жетер. Бірақ шамасы жетер деп, құтыра беруге де болмайды ғой. Офлайндағы орташа жалақы – 200 000-400 000 теңге. 1 аптаға азық-түлік алу – 50 000-60 000 теңге. Сонда адамдар тек тамақ табуға ғана жұмыс жасай ма?»

  • «16% ҚҚС-ке, азық-түлік пен дәрінің қымбаттауына қарсымын. Соңғы уақытта интернет әлсіз, қымбатшылық туралы жазатын адамдардың посттары рекке шықпайтынын байқап жатырсыздар ма? Әлде тек қана мен бе? Үкіметке сөзіміз жетуі үшін, қолдап кетейік, ағайын!»

  • «Соңғы 2 күнде трендтен азық-түліктің қымбаттағаны туралы 50 жазбаны анық оқыдым. 1 апталық азық-түлік ерлі-зайыпты + 1 бала үшін 60 000 теңге шыққан екен, еще ол арзан деп есептелетін. Сонда адамдар айына қанша табуы керек?»

  • «Азық-түліктің бағасы өсіп кетті. Жалақымыздың 50%-ы кетеді. Қалай өмір сүреміз?» – деп жазды желі қолданушылары.

Алайда Сауда министрлігінің мәліметінше, тамыз айында азық-түлік инфляциясы бар болғаны 0,5% құраған. Бұл көрсеткіш азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасынан екі есе төмен және қызмет көрсету саласындағы өсімнен үш есе аз.

Министрліктің дерегінше, Қазақстандағы азық-түлік себетіне 160 тауар кіреді, олардың тек 19-ы ғана мемлекеттік реттеуге жатады. Биыл жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары индексі 8% өскен. Дегенмен тамыз айында өзгеріссіз қалған, ал қыркүйектің үш аптасында бар болғаны 0,2% ғана көтерілген.

«Оң динамика әсіресе көкөніс тобы бойынша айқын байқалады. Тамыз айының басынан бері баға өсімінің қарқынын орта есеппен 2,5 есе төмендетуге мүмкіндік туды. Шілде айында килограмы 300 теңге болған картоп бүгінде 184 теңгеден сатылуда – бұл тіпті өткен жылғы деңгейден де төмен. Сәбіздің бағасы 295 теңгеден 193 теңгеге, ал пияз 222 теңгеден 137 теңгеге дейін арзандады», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство дерегінше, тұрақтылықты басқа да негізгі өнімдер көрсетіп отыр.

«Жыл басынан бері сүт өнімдерінің бағасы бар болғаны 5,3% өскен. Қарақұмық жармасы 8,9% қымбаттағанымен, оның азық-түлік себетіндегі үлесі аз болғандықтан, жалпы индексіне әсері мардымсыз. Оның үстіне макарон, ұн және күріш сияқты тауарлар бүгінде өткен жылға қарағанда арзан», – деп қосты министрлік.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтардың сиыр еті бағасының қымбаттауына қатысты алаңдаушылығын мойындады.

Ведомствоның мәліметінше, 1 келі еттің орташа өзіндік құны шамамен 2 800-3 100 теңге. Көтерме саудадағы 15% үстемеақыны қосқанда, баға 1 келі үшін 3 400-3 500 теңге деңгейінде қалыптасады.

«Салыстырып қарасақ, өңір елдерінде сиыр етінің бөлшек бағасы әлдеқайда жоғары: Өзбекстан мен Тәжікстанда – 6 500 теңгеге дейін, Ресейде – 8 500 теңгеге дейін, Қытайда – 8 000 теңгеге дейін, Түрікменстанда – 9 000 теңгеге дейін, Түркияда – 13 000 теңгеге дейін», – делінген хабарламада.

Министрліктің түсіндіруінше, ірі қара малдың бір тұтас етінен тірі салмағының 50-60%-ы ғана ет ретінде шығады. Оның ішінде 15-20%-ы премиум санаттағы бөліктерге жатады, олардың бағасы жоғары. Орташа деңгейдегі ет – шамамен 40-45%, төменгі деңгей – 25% шамасында. Ал сүйек, май және ет ретінде жарамсыз қалдық бөлігі 15-20%-ды құрайды.

Осылайша, ведомствоның айтуынша, бөлшек саудадағы сиыр еті бағасы тек өзіндік құнға ғана емес, сонымен бірге еттің санатына, тағамдық құндылығына, малдың семіздігіне және қайта өңдеу тәсіліне байланысты қалыптасады. Майы аз ет арзандау болса, жоғары мәрмәрлі әрі жұмсақ құрылымды ет кесінділері премиум санатқа жатады да қымбат болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның негізсіз өсуін тежеу бойынша жүйелі шараларды іске асырып жатқанын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.