Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңа прокурорлар тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, президенттің келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен:
-
Нұрбек Ұласбекұлы Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды;
-
Серікқали Құшалиев Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне кірісті.
Сонымен қатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді. Оған сәйкес:
-
Нұрғалым Әбдіров – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры;
-
Берік Жүйріктаев – Бас көлік прокуроры;
-
Мадияр Басшыбаев – Атырау облысының прокуроры;
-
Берік Әбілов – Жамбыл облысының прокуроры;
-
Бауыржан Жұмақанов – Жетісу облысының прокуроры;
-
Марат Сексембаев – Қостанай облысының прокуроры;
-
Алмат Байшолақов – Павлодар облысының прокуроры;
-
Тимур Сүлейменов – Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді.





