Талдықорған: +22°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоғам қайраткері Әміре Әрін «Құрметті профессор» атанды

11.04.2026
КҮНДЕРЕК
Қоғам қайраткері Әміре Әрін «Құрметті профессор» атанды

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым – ұлттың зияткерлік қуаты, елдің ертеңін айқындайтын негізгі күш. Қай кезеңде де ғылымға сүйенген қоғам ғана алға басып, уақыт талабына бейімделе алған. Сондықтан да ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген сөзі бүгінгі күні де мәнін жойған жоқ.

Елімізде ғылым саласының маңызын айшықтайтын ерекше күн – Ғылым қызметкерлері күні жыл сайын 12 сәуірде аталып өтеді. Бұл күннің Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуі де заңдылық. Өйткені ол – қазақ ғылымының іргетасын қалаған ірі тұлғалардың бірі.

Осы атаулы күнге орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде мазмұнды әрі тағылымды салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға келген қонақтарды залдың кіреберісінде университет оркестрі әсерлі күйлерімен қарсы алып, ерекше рухани көңіл сыйлады. Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер мен студенттер, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Кеш барысында қатысушылар назарына университеттің 2025 жылғы ғылыми жұмыс нәтижелерін қамтыған арнайы бейнеролик ұсынылып, оқу орнының ғылыми әлеуеті, зерттеу бағыттары мен жас ғалымдардың жетістіктері кеңінен таныстырылды.

Жиында сөз алған университет ректоры Ермек Бөрібаев ғылым мен білімнің ел дамуы жолындағы стратегиялық маңызын айрықша атап өтті.

– Жаңа қабылданған Конституциямыздың преамбуласында білім, ғылым және инновация ел дамуының басты бағыты ретінде белгіленді. Оның ішінде ең басты құндылық – адами капитал. Ал сол адами капиталды қалыптастырған – осы залда отырған сіздер. Қазақ-станның экономикасы мен ғылымының дамуына үлес қосып жүрген де – өздеріңіз. Сондықтан баршаңызды Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді ректор.

Сонымен қатар ол ғылымды қолдау мен еңбекті бағалау ісі жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

– Ғылым күнінің 15 жылдығына орай марапаттарды тек университет қызметкерлеріне ғана емес, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосып жүрген өзге де сала өкілдеріне табыстауды дәстүрге айналдырғалы отырмыз, – деді Ермек Әбілтайұлы.

Жиынның әсерлі сәттерінің бірі – Жетісу өңірінің төл перзенті, қоғам қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі, Алматы облысының құрметті азаматы Әміре Әрінге «Құрметті профессор» атағының табысталуы болды. Бұл шешім университеттің Ғылыми кеңесі тарапынан қабылданды.

Өз кезегінде Әміре Әрін бұл құрметті ерекше тебіреніспен қабылдап, жүрекжарды лебізін білдіріп:

– Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Университетпен рухани байланысым мен ғылыми еңбектерімнің бағалануы – зор қуаныш. Университет басшылығына, Ғылыми кеңес мүшелеріне және ұжымға алғысым шексіз, – деді.

Сондай-ақ қазақы дүниетанымнан тамыр тартқан пайымымен көпшіліктің көңіліне ой салды:

– Дана халқымыз «берген жомарт емес, алған жомарт» дейді. Неге алған жомарт? Өйткені осы жерде отырғандарыңыз бұл қуанышты ағайын-туысқа, дос-жаранға жеткізесіздер. Ал мен қаламгер ретінде Алаш жұртына жеткіземін. Ал Алаш жұрты мұны Тәуелсіз Қазақстанның тарихына жазады, – деді Әміре Әрін.

Салтанатты сәтте ол университет ректорына құрмет көрсетіп, өзінің «Әлем мойындаған Мұқалы» атты кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар «ақжолтай бастамалар жалғасын таба берсін» деген ізгі ниетпен қасиетті алтын қалам табыстады. Бұл – руханият пен білімнің, сөз бен ғылымның өзара сабақтастығын айшықтайтын мәні терең ишара еді.

Жиын барысында ғылым саласында жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдар мен оқытушыларға бірқатар жоғары марапаттар табысталды. Атап айтқанда, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Ғылым үздігі» құрмет дипломы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы, сондай-ақ алғыс хаттар мен өзге де марапаттар иелерін тапты. Бұл – ғылым жолындағы табанды еңбектің лайықты бағалануы.

Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерпаздар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен күй үндескен бұл кештің мазмұны ғылым мерекесінің мәнін тереңдете түсті.

Жалпы, мұндай басқосулар – ғылымға деген құрметтің айқын көрінісі. Ғылым қызметкерлері күні – тек мерекелік дата ғана емес, ол – ізденіс пен жаңашылдыққа берілген бағаның, ғылымның қоғамдағы орнын айқындайтын маңызды сәт.

Ғылым – болашақтың кілті, ел ертеңінің бағдаршамы. Сондықтан ғылымға қолдау көрсету, жас зерттеушілерге жол ашу – уақыт талабы. Ал Жетісу университетінде өткен тағылымды кеш – ғылым мен руханият тоғысқан, еңбекті ұлықтаған, ұрпаққа үлгі боларлық маңызды басқосу болды.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

13.04.2026
Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

13.04.2026
Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

13.04.2026
Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

13.04.2026
Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.