Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қожабектің берекелі қожалығы

17.03.2026
КҮНДЕРЕК
Қожабектің берекелі қожалығы

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мүйізді ірі қара мал шаруашылығын өркендету ерекше маңызға ие. Ет өндірісін арттыру мақсатында да бордақылау алаңдарының құрылуына соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп келеді. 

Бұл – ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың табысын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін маңызды қадам. Әсіресе, Жетісу жерінің табиғи жағдайы мал шаруашылығын өрістетуге өте қолайлы. Кең жайылым, жемшөп қорының жеткілікті болуы және ауыл тұрғындарының мал өсірудегі тәжірибесі бордақылау алаңдарын өркендетуге жақсы мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер де кәсіпкерлердің осы салаға қызығушылығын арттыра түседі. Бордақылау алаңдарының тағы бір маңызды қыры – ауыл шаруашылығы өнімдерінің толық өндірістік тізбегін қалыптастыру. Мысалы, шаруа қожалықтары өсірген бұқашықтарды бордақылау алаңдарының иесі сатып алып, оларды семіртіп, кейін ет комбинаттарына немесе ішкі нарыққа өткізеді.

Осылайша ауыл шаруашылығында тұрақты нарық қалыптасады. Малшылар, ветеринар мамандар, механизаторлар мен жемшөп дайындаушылардың бәрі осы істің дамуына барынша үлес қосады.

Мамандардың пікірінше, бордақылау алаңдары ет өндірісінің тұрақты жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде аграрлық әлеуетті күшейтіп, аймақ экономикасының қарыштап дамуына оң ықпалы тигізеді.

Алдағы жылдары да ірі қара мал бордақылау алаңдарының санын көбейту, жемшөп өндірісін арттыру, заманауи технологияларды енгізу басты міндеттердің қатарында. Сонымен бірге салаға жас мамандарды тарту да маңызды саналады. Осындай саланың дамуына серпін беріп, өңірдің аграрлық экономикасын нығайтуға, ауылдықтардың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізіп отырған шаруа қожалықтарының бірі – Кербұлақ ауданында.

Шоқан ауылының тұрғыны Қожабек Толыбаев осыдан 28 жыл бұрын «Қуанышбек» шаруа қожалығын құрып, бүгінге дейін маңдай терлетіп, еңбек етіп келеді. Қазіргі кезде шаруашылық иесінің негізгі кәсібі – ірі қара мал шаруашылығы. Мамандығы есепші-экономист, бірақ ол өмір бойы жүргізуші болып еңбек етіпті. Қожалық құрылғаннан бастап ол мал бордақылау ісін қолға алып, жүйелі түрде жүргізуде. Байқағанымыздай, алаңда әрбір түлікке күтім жасалып, сапалы жемшөппен азықтандырылып, малдың тез әрі сапалы салмақ қосуына жағдай жасалған.

Шаруашылық жетекшісінің сөзінше, оларда, сондай-ақ, 1мың гектар жайылымдық, 400 гектар егістік алқап бар. Егістік жерде арпа-бидай өсіріледі. Зеңгі баба тұқымына қажет азық қоры осы алқаптардан әзірленеді. Қожалықта қазір етті бағытта 130 бас мүйізді ірі қара мал бордақылануда. Оның ішінде тұқымы асыл қазақтың Ақбас, Ангус, Әулиекөл сияқты бұқалары да бар. Бағылуда тұрған ірі қара уақытылы ветеринарлық тексеруден де өткізіліп тұрады. Семірген бұқашықтар ет қабылдайтын арнайы орындарға жөнелтіледі. Шаруашылық жетекшісі, сондай-ақ, он шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Оларға айына 250 мың теңге көлемінде жалақы төленеді және қосымша көмектер де беріледі.

Қожалықта 200 басқа арналған мал бордақылайтын жаңа қора тұрғызылуда. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқаратын техникалар да көктемгі науқанға әзір тұр. Оның ішінде мемлекет тарапынан субсидияланған және лизингке сатып алынған тракторлар да бар. Мұндай жеңілдіктер шаруашылық үшін үлкен көмек.

– Мал шаруашылығы – үлкен төзімділік пен жауапкершілікті талап етеді. Таңның атысы мен күннің батысына дейінгі тынымсыз еңбек, мал жағдайын қадағалау, азық дайындау – мұның бәріне табандылық керек, – дейді шаруашылық иесі.

Қожабек Толыбаев тек еңбекқор шаруа ғана емес, өнегелі әке. Ол 4 ұл, 1 қыз өсірді. Зайыбы – Ләззат Толыбаева ауылда талай жыл ұстаздық етіп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 17 жыл мектеп директоры қызметін атқарған. Балаларының анасы, немерелерінің әжесі бүгінде зейнеткер болса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Үлгілі отбасында тәрбиеленген балаларының бәрі жоғары білімді. Ұлдары бос уақыты кезінде әкесінің шаруасына қолғабыс етіп, мал қарауға көмектеседі. Бұл – олардың еңбекке араласып, ауыл тіршілігінің мәнін түсінуіне ықпал етеді.

Отбасындағы ұлдарының бірі әкесінің ісін жалғастыруға ниетті. Бұл Қожабек Толыбаев үшін үлкен мақтаныш. Өйткені, атакәсіптің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы – ауыл тіршілігінің берекесін арттыратын маңызды үрдіс. Алдағы уақытта шаруа қожалығының жетекшісі жұмысын жандандырып, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Бордақылау алаңын ұлғайтып, сауын сиыр ұстап, шаруашылықты одан әрі дамыту – басты мақсаттарының бірі.

Міне, қожалық иесінің бұл еңбегі – ауылда отырып-ақ табыс табуға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал. Ауылдың дамуы осындай еңбекқор азаматтардың арқасында өркендей береді. Ал әке ісін жалғастыруға ниет білдірген ұрпағы барда шаруашылықтың болашағы жарқын бола түспек.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Назым Қызайбай әлемдік бокс рейтингінде ТОП-7 қатарына енді

Назым Қызайбай әлемдік бокс рейтингінде ТОП-7 қатарына енді

17.03.2026
Қожабектің берекелі қожалығы

Қожабектің берекелі қожалығы

17.03.2026
eGov Business: Кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

eGov Business: Кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

17.03.2026
7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

17.03.2026
Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.