Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізу мақсатында Кеңес құрамына кандидаттардан өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Кандидаттарға қатысты құжаттарды 2026 жылғы 13 сәуірге дейін s.tazabekova@zhetysu.gov.kzэлектрондық поштасына жолдау қажет.
Азаматтық қоғамды дамытуға белсенді қатысып, ынтымақтастық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сұрақтар бойынша 8/7282/412205 телефонына хабарласуға болады.





