Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қырғызстан шабандоздары «Ұлы дала жорығында» топ жарды

26 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қырғызстан шабандоздары «Ұлы дала жорығында» топ жарды

AMANAT партиясы

WhatsAppTelegramFacebook
Қостанай облысынан бастау алған «Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафоны мәресіне жетті. Дәстүрге айналған доданы биыл Қырғызстаннан келген команда жеңіп алды.

Айта кетейік, биылғы марафон Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Ералы Тоғжанов, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков және өзге де азаматтар қатысты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Торғай өлкесі қазақ зиялыларының алтын бесігі әрі еліміздің қастерлі рухани орталықтарының бірі екенін атап өтті.

«Ұлы дала жорығы» осыдан үш жыл бұрын тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған болатын. Үш жылдың айналасында бұл бәйге алтыншы мәрте өткізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде марафон-бәйге әлемге танымал халықаралық жарыс деңгейіне көтеріліп келеді. Осының бәрі Президентіміздің ұлттық спортты дамытуға жасап отырған қамқорлығының, қолдауының арқасы екенін баса айтуға тиіспіз. Бүгінде Ұлттық спорт халқымыздың ұлттық төлқұжатына, мақтанышына, тіпті өмір салтына айналды десе болады», – деді ол.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы партия алдағы уақытта да ұлттық спорт түрлеріне, соның ішінде ат спортына жан-жақты қолдау көрсету жұмысын жалғастыратынын айтты. Мәселен, былтыр ел Президенті Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы әзірлеген жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі арнайы заңға қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жаңа ұлттық спорт орталықтары, клубтар, мектептер ашылуда. Онда 600 мыңнан астам адам қазақтың дәстүрлі спорт түрлерімен шұғылданады.

Бес күнге созылған марафон қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қырғызстанның бірінші құрамасы иеленіп, асқан төзімділігі мен шынайы шеберлігін көрсетті. Олардың жалпы уақыты – 26 сағат, 41 минут, 47 секунд. Екінші болып мәре сызығын Ақтөбе облысының командасы кесіп өтті (27 сағат, 21 минут). Ал үшінші орынды Қостанай облысының бірінші командасы қанжығалады (27 сағат, 32 минут, 14 секунд).

Биыл жарысқа 19 команда, соның ішінде Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы қатысты.

Дереккөз: 1bol.kz 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.