Талдықорған: +19°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қысқа дайындық ойдағыдай

Қысқа ерте кезден қамданған қапы қалмайды. Сондықтан, әр отбасы отын қорын осы бастан дайындап, суықта тоңбауды ойлағаны жөн.

23.08.2025
КҮНДЕРЕК
Қысқа дайындық ойдағыдай

ser-per.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Сақтансаң, сақтайды» демекші, аяқ- астынан болатын өрттен де абай болған дұрыс. Өйткені, облыста орын алатын өрттің басым бөлігі тұрғын үйлерде болады. Оның 65%-ы жылыту кезеңінде. Талдау нәтижесі көрсеткендей, мұндай оқиғалардың басты себебінің бірі электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ, пештерді пайдалану кезінде өртке қарсы арақашықтықты сақтамау.

Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев пен облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Аубакиров баян етті. тілшілердің сұрағына да жауап берілді. Белгілі болғандай, алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жылу және электр энергиясымен қамту нысандарының жалпы орташа дайындығы 84%-ды құрайды. «Басқуат» қазандығы Талдықорған қаласының басым бөлігін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандық тәулік бойы жұмыс істейді, жүктемесі 90%-ға дейін жетеді. Қазіргі таңда «Басқуат» қазандығын қайта жаңғырту, кеңейту және табиғи газға көшіру» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. Қорытындысын қыркүйек айында алу жоспарланған.

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында «Басқуат» қазандығындағы инвестициялық бағдарлама есебінен №1 және №3 қазандықтары күрделі жөндеуден өтуде. Энергия өндіруші ұйымдар үшін 293 мың тонна көмір, 6,4 мың тонна мазут отыны дайындалуда. Қазіргі кезде жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде көмірдің 70,5 мың тоннасы жөнелтілген.

Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдар үшін 10,4 млн. литр дизель отыны, 14,4 мың тонна көмір және 3,8 мың тонна пеллет отыны дайындалуда. Халыққа 397 мың тонна көмір қажет. Оның 52,7 мың тоннасы сатылған. Облыстағы 43 көмір тұйықтары мен қоймаларда барлығы 23,8 мың тонна көмір бар. Орта есеппен тәулігіне 12 вагон немесе 828 тонна көмір жеткізіледі.

Аудан және қала әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, көмірдің тоннасына қойма мен тұйықтардағы бағасы – 20 200-31 000 теңге.

Теміржол бағыттарының алыс болуына байланысты Ақсу және Сарқан аудандарында көмірдің жеткізілуін ескере отырып, баға 25 000-31 000 теңгеге жетеді. Көмірді жеткізу автокөліктермен Алажиде, Лепсі стансыларынан және жақын аудандардан жүзеге асырылады.

Ал былтырғы және биылғы жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша өрт саны 36,5%-ға өсіп, қаза тапқандар саны 4,6 есеге жеткен. Сондай-ақ, зардап шеккендер де бар. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ТКШ қызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газ датчиктерін орнатуды жалғастырады.

Өрттің басым бөлігі негізінен 60-80 жылдары салынған үйлерде орын алатын көрінеді. Өйткені олардың электр жабдықтары мен пештері тозған және пайдалану талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты жылыту кезеңіне дайындық аясында облыстағы тұрғын үй секторында жылыту кезеңінде өрттің алдын алу іс-шараларының жоспары әзірленген. Жылыту кезеңі басталғанға дейін облыс аумағында азаматтардың жеке қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық акциясы өткізіледі.

Бүгінгі таңда акция басталып, әлеуметтік әлсіз топтарға рейд жүргізіліп, мекенжайлық көмек пен профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде. Мұндай жұмыстар барлық ауданда ұйымдастырылады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.