Талдықорған: +16°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

РАЙЫМБЕК ПЕН КЕГЕН АУДАНЫНДА 3-4 БАЛДЫҚ ЖЕР ДҮМПУІ СЕЗІЛДІ

08.11.2020
КҮНДЕРЕК
РАЙЫМБЕК ПЕН КЕГЕН АУДАНЫНДА 3-4 БАЛДЫҚ ЖЕР ДҮМПУІ СЕЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті сейсмикалық стансылар желісі өткен жұма күні Алматы уақытымен сағат 20:29-да Райымбек және Кеген аудандары аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 226 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарының шекарасында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.4. MPV магнитудасы — 4.3. Тереңдігі — 20 шақырым.

Жер сілкінісі Кеген, Шалкөде, Ұзынбұлақ ауылдарында 3-4 бал, Алматыда 2-3 бал шамасында сезілген.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, «Қазселденқорғау» мекемесін, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Аумақтардағы жағдай нақтылануда, қирау жағдайы және құрбандар туралы хабарлама түскен жоқ.

Осыған байланысты төтенше жағдай департаменті жер сілкінісіне қалай дайындалу керек деген сауалға арнайы нұсқаулық ұсынды. Олар төмендегідей:

— жер сілкінісі кезінде үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған кезде іс-қимыл жоспарын алдын ала ойластырыңыз. Отбасы мүшелеріне жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін, электр қуатын, суды, газды кім, қайда және қалай өшіру керектігін түсіндіріп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.

— құжаттарды, ақшаны, қалта шамын, қосалқы батареяларды, алғашқы медициналық көмек жинағын, жеке гигиена заттарын, транзисторлық радио, қасықтар, пышақтар, сіріңке мен тағамдарды ыңғайлы жерде, мүмкіндігінше, пәтерден шығатын есіктін жанында рюкзакта ұстаңыз. Бірнеше күнге жететін үйде ауызсу қоры, портативті шам, өрт сөндіргіш, алғашқы медициналық көмек жинағы және консервілер қоры болсын.

— төсектерді терезелер мен сыртқы қабырғалардан ары жылжытыңыз. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді бекітіп, жоғарғы сөрелерден ауыр заттарды алыңыз. Жиһаздарды жатын орындарына құлап қалмайтындай, бөлмелерден шығатын есіктерді жауып қалмайтындай орналастыру қажет.

— қауіпті заттарды (улы химикаттарды, тез тұтанатын сұйықтықтарды) олар сынып немесе құлап кетпейтін сенімді, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.

— төтенше жағдай кезінде өзара көмек және бірлескен іс-қимыл туралы көршілеріңізбен келісіңіз.

— эвакуациялау тәртібін біліңіз.

— гараж, коттеджді жер сілкінісінен кейінгі алғашқы күндері уақытша баспана ретінде пайдалануға болады. Онда азық-түлік пен қосалқы заттарды сақтаңыз. Отбасында мезгіл-мезгіл жер сілкінісі жағдайында әңгімелер мен жаттығулар өткізіңіз.

Жер сілкініп жатқан кезде қалай әрекет ету керек?

— Құжаттарды, ақшаны және қажетті заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз. Үйден шығарда лифтпен емес, баспалдақпен түсіңіз. Далаға шыққан ғимараттардың жанында тұрмаңыз, ашық кеңістікке барыңыз.

— Сабырлы болыңыз және басқаларды тыныштандыруға тырысыңыз! Егер сіз бөлмеде қалуға мәжбүр болсаңыз, онда қауіпсіз жерде — ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға саңылауына немесе тірек тірегіне тұрыңыз. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыныңыз – ол сізді құлаған заттар мен қоқыстардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз.

— Егер сізде балалар болса, оларды өзіңізбен қорғаңыз. Егер сіз көпшілік баратын жерлерде болсаңыз, өзіңізді сабырлы ұстаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз және адамдардың жүру жолында кептеліс жасамаңыз, науқастар мен мүгедектерге көмектесіңіз.

— Шамдарды, сіріңкелерді, оттықтарды пайдаланбаңыз — газ ағып кеткен кезде өрт шығуы мүмкін. Ілініп, құлайын деп тұрған балкондардан, ернеулерден, үзілген сымдардан аулақ жүріңіз. Егер сіз автомобильде болсаңыз, ашық жерде болыңыз, бірақ дүмпулер тоқтағанша көліктен шықпаңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.

Жер сілкінісінен кейін қалай әрекет ету керек?

— Абай болыңыздар! Балалардың, науқастардың, қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажеттілігі болмаса телефонды босқа пайдаланбаңыз. Радиотрансляцияны қосыңыз. Жергілікті биліктің, табиғи апат салдарын жою жөніндегі штабтың нұсқауларына бағыныңыз.

— Анық зақымдалған ғимараттарға жақындамаңыз, оларға кірмеңіз. Күшті қайталанатын дүмпулерге дайын болыңыз, өйткені, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы 2-3 сағат ең қауіпті.

— Мүмкін қайталанатын дүмпулер туралы ешқандай қауесет жасамаңыз. Ресми ақпаратты пайдаланыңыз. Егер сіз үйіндіде қалсаңыз, жағдайды бағалаңыз, мүмкіндігінше, өзіңізге медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, қағып).

— Есіңізде болсын, мұндайда от жағуға болмайды, ал құбырлар мен батареяларды белгі беру үшін пайдалануға болады. Күшіңізді үнемдеңіз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.