Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың шешімімен Болат Тәкенов облыстық құрылыс басқармасына басшы болып тағайындалды.
Болат Долдаұлы дәл осы қызметке дейін Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» АҚ басқарма төрағасы болды. Алматы сәулет-құрылыс институтын құрылыс-инженері және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің дептутаты, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде істеді.
Осыған дейін құрылыс басқармасын басқарған Темірлан Бектасов Панфилов ауданының әкімі болғанын білеміз.





