Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Саламатты ұлт – саналы ұрпақ

4 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Саламатты ұлт – саналы ұрпақ
WhatsAppTelegramFacebook

Достық үйінің мәжіліс залында «Саламатты ұлт» жастар форумы өтті. Жиналғандар алдында облыстық полиция басқармасы, облыстық наркологиялық орталық, «Қос қанат» қоғамдық ұйымы, «Жетісу» футбол клубы және есірткі қылмысының алдын алу кеңесінің өкілдері сөз сөйледі.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зиянын ашық талқылау, өскелең ұрпақты саналы да жауапты таңдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған форумға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, жоғары сынып оқушылары, спорт белсенділері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.

Форум басталмас бұрын қатысушылар наркологиялық тестілеу аймағымен танысып, «Бір таңдау – бір өмір» бейнефильмін тамашалап, саламатты өмір салтына арналған тақырыптық көрмені көрді. Одан кейін студенттер Достық үйінің акт залында профилактикалық сахналық қойылым көрсетті. Облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Меруерт Ысқақова өңірдегі есірткі бизнесінің қазіргі жағдайын талқылап, алдын алу шараларына жастардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Облыстық наркологиялық орталықтың нарколог дәрігері Мақсат Ерғабылов нашақорлықтың зияны және медицина тұрғысынан тәуелділіктің алдын алу әдістері туралы айтты.

«Қос қанат» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Елена Радионова мен сол ұйымның психологы Елена Пискунова қоғамдық қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдын алу шараларын ұрпақтар арасындағы ашық диалогтан, жастарды белсенді тартудан бастау керектігін тілге тиек етті.

«Жетісу» телерадиокомпаниясы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Антон Хатеновский саламатты қоғамды қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне тоқталды. Облыстық әкімшілік жанындағы Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Бархудар Гусенов барлық қатысушыны ауызбіршілікке, нашақорлықпен күресте белсенді болуға шақырып, форумды қорытындылады.
Іс-шараның соңы пікірталас пен сұрақ-жауапқа арналған ашық алаңға ұласып, «Біз – саламатты ұлтпыз!» ұранымен аяқталды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.