Балаларға арналған «AquaclubTomiris» бассейнінің жұмысы осыдан 3 жыл бұрын басталды.
Сол жылы Талдықорған қаласы бойынша мұндай орын 3 айдан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған жалғыз бассейін болды. Бүгінде жеке кәсіпкер Саят Мұхамеджановтың жұмысы алға басуда. Нәтижесінде кәсіпкер кәсібін кеңейткісі келіп отыр. Сөйтіп, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінді.
Онда субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде несие мақұлданды. Соның арқасында несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 8 пайызға дейін төмендетілді.
Алынған қаражатқа кең де жарық жаңа бассейн ашты. Оған қазір 2 айдан 9 жасқа дейінгі балалар келеді. Бассейнде өз ісінің маманы атанған және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін тәжірибелі 4 білікті жаттықтырушы қызмет көрсетеді. «AquaclubTomiris» орталығында топтық жаттығулар өткізіледі. Бұған қоса, ерекше балаларға арналған әдістеме және гидроореабилитация бар.
А. Ыбырай
Талдықорған қаласы
Фото: https://www.instagram.com/p/C8WMES1iqIS/





