БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының орташа сомасы тұрақты жарна аудару барысында шамамен 5 миллион теңгені құрады.
Міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан бері тұрақты аударып келе жатқан салымшылардың шоттарындағы орташа жинақ сома ерлерде – 5,8, әйелдерде – 4,4 миллион теңгеге жетті. Бұл барлық салымшылардың шоттары бойынша алынған сан.
2019 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу жылдарына қарамастан 1,1 миллион теңге болса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 500, 2 мың теңге және ерікті зейнетақы жарнасы бойынша 48,6 мың теңгені құрады. МЗЖ (міндетті зейнетақы жарнасы) бойынша қалыптасқан жинақтардың орташа сомасы ерлерде 1,2 миллион теңге (жыл басынан бергі өсім – 10%), ал әйелдерде – 942,2 мың теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%). Бұлардың ішінде еңбек жолын жаңадан бастап, Қорға міндетті зейнетақы жарналарын енді аудара бастағандар да, жарналарды жиырма жылдан бері тұрақты аударып келе жатқан салымшылар да бар.
2019 жылы БЖЗҚ-да белсенді салымшылар 6,6 миллион адамды құрады. Бұл – үлкен жетістік.
БЖЗҚ баспасөз қызметі
Сурет ғаламтордан алынды





