Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарқандықтар әлі сусыз отыр

20 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Сарқандықтар әлі сусыз отыр

khovar.tj

WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Сарқан ауданының орталығына барғанымызда көзімізге сенбедік. XXI ғасырда Жетісу жерінде отырып, аудан орталығында ауызсу мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келеді. Бұл аудан, қала басқарып отырған әкімі мен жергілікті коммуналдық шаруашылықтың бейқамдығы ма деген ой келеді.

Сарқанның қарапайым халқы әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен мәселенің шешілер түрі жоқ. Халықтың шағымы мен әкімнің «баяндамадағы есебі» басқа. Нәтижесінде сарқандықтар таза суға емес, дүкеннен тасып алған шөлмектегі суға зәру.

Қарлығаш ТӨЛЕГЕНОВА, аудан тұрғыны:

– 16 жылдан бері Сарқанда тұрамын. Жаз айларында ауызсуды тұтынбаймыз, дүкеннен сатып аламыз. Аудан орталығында тұрып мұндай масқаралықты көреміз деп ойламадық. Кәдімгі краннан аққан су таза емес, лай, батпақ. Қылшығы да, былшығы да бар. Кейде тіпті шөп жүреді. Орташа зейнетақымен отырған біз тамақ аламыз ба, жоқ су сатып аламыз ба?

 

Надежда РУДНИКОВА:

– Мұндай сумен қалай өмір сүруге болады? Әйтеуір шыдап келеміз. Бауыр, бүйрегім ауырады. Денсаулыққа зиян. Дәрі ішемін, бірақ одан не пайда, ішкеніміз лай су болса? Жетісудың төрінде отырып, таза суға жарымаған деген сұмдық қой.
Бұған көз жеткізу үшін «Тәуелсіздік, 102» мекенжайындағы көпқабатты үйге бас сұққанымызда халықтың айтқанын анық көрдік. Балалардың кір-қоңы жиналып қалған. Үй иесі Шырын Төлегенованың айтуынша, сыздықтап аққан судың қысымы кір жуатын машина түгілі қарапайым ыдыс-аяқты жууға да жетпейді.

– Үш кіржуғыш машинам күйіп кетті. Балаларымды моншаға түсіру үшін туыстарыма апарамын. Шелектегі суды тұндырып қойсақ, түбінде батпақ жиналады. Ересектер түгілі балаларым ауру болатын болды. Жуыну жайына қалды. Монша мен душқа түсу үшін Алмалы ауылына барамыз. Ал әжетханаға кіру де қиямет. Суын ағыза алмай әбігерміз. Шыдамның да шегі болады. Төзімге де құрметпен қарау керек, – дейді ол.

Аталған мәселе бойынша аудан әкіміне айтып, жолықпақ болдық. Алайда ол еңбек демалысында екен. Бізбен әкімнің орынбасары жолығып, бар жауапкершілікті «Сарқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сілтеді.

Әсет ҚАНАПИЯНОВ, бөлім басшысы:

– Ауызсу бірінші өзеннен сүзіліп алынады. Арнайы тұндырғыш арқылы тазалануда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоспар бойынша қазан айының 15-інде толық бітіп, мәселе шешіледі.

Әкімдік «жоспар бар, жұмыс жүріп жатыр» десе, халық күнделікті лай су ішіп отыр. Жөндеу жұмыстарының аяқталуын сарқандықтар жылдап күтті, енді тағы айлап күтуге мәжбүр. Бірақ халықтың денсаулығы да, төзімі де шексіз емес.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.