Талдықорған: +13°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САТПАЙЫҚ, САҚТАЙЫҚ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРТАЮДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН ӨСІМДІК БАР

21.12.2019
КҮНДЕРЕК
САТПАЙЫҚ, САҚТАЙЫҚ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРТАЮДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН ӨСІМДІК БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда мия өсімдігінің бес түрі кездеседі. Олар есек мия, ақ мия, жалаң мия, қызылмия, миятамыр деп аталады. Қызылмия мен миятамыр түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы және органикалық қышқылдар мен минералды тұздар бар. Қызылмияның тамырын косметологияда пайдаланады. Мәселен, ол тері дақтарын кетіріп, қартаюдың алдын алуға қолданылады. Мия тамырымен түрлі ауруды емдеуге болады.

Десек те қазіргі кезде миятамыр заңсыз саудаланып, талан-таражға түсіп жатыр. Ал Қытайда мия тамырының адамды жасарту қасиеті 3 мың жыл бұрын дәлелденген. Ел медицинасында мия тамырынсыз бірде-бір дәрі жасалмайды. Оны тамақ дәмдеуіш қоспаларға да қосады. Тіпті, шикізат тапшылығынан Қытай билігі 2008 жылдан бастап миятамырын баж салығынсыз тасымалдауға рұқсат берді. Косметология саласында көш ілгері тұрған Оңтүстік Корея да мия тамырын ұдайы тұтынады. Бірақ олар қазір мияны қолдан өсіруге көшті. Мұндай үрдісті Өзбекстан да қолға алып, арнаулы мамандандырылған шаруа қожалықтарында өсіреді. Бұл елде миятамырын жинауға тыйым салынған.

Бүгінде газдалған тәтті сусындардың адам денсаулығы үшін қаншалықты зиян екенін жиі айтамыз. Алайда бұл сусындардың құрамына қант қоспай-ақ миятамыры арқылы емдік қасиетін күшейтуге болады. Өсімдік, сондай-ақ, тәттілігі жағынан қанттан 50 есе артық. Ал халық медицинасында қызылмия тамырымен көптеген ауруды емдеген. Мәселен, күйзеліс, іріңді жара, ұмытшақтық, қалқанша без ауруларын емдеген, күрделі отадан кейін де қолданған. Қытай, Корея және АҚШ-та миятамырына деген сұраныс өте жоғары. Сол себепті ел азаматтары өз жеріміздегі дәрілік шөптерді аяусыз жұлып, арзан бағаға саудалайды. Миятамырынан пайдаға кенелгендер оны жөн-жосықсыз қазуда бір жайтты ескермейді.

Мия – табиғи жабайы өсімдік. Оның айналасында елдің Қызыл кітабына енген, жойылып кету қаупі бар өзге өсімдіктер болуы мүмкін. Сол себепті мия тамырына жасалған әрбір қаскүнемдік қазақ жерінің құтын қашырғанмен бірдей екенін естен шығармайық! Көршілес шет мемлекеттерде қызылмия тамырына деген сұраныс жоғары. Сол себепті ол елде жаппай жиналады. Бұл үдеріс әлемдік нарықта осы шикізат тапшылығының артуымен және негізгі жабдықтаушы елдердің  (ҚХР, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан) қызылмия тамырын сыртқа шығаруды шектеуімен түсіндіреді.

Қызылмия тамырын бақылаусыз, ретсіз дайындаудың салдарынан оның жабайы өсетін таралымы жойылып, табиғи экожүйелерге нұқсан келтіріледі. Бұл болашақта отандық фармацевтика өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету тапшылығына әкеп соғады.

Қазiргi кезде бос жатқан жерлерге бiржақты қарау үстем. Сол жерлерде неше түрлi емдiк және дәрiлiк өсiмдiктер бар. Бiр ғана мия өсiмдiгi соңғы жылдары түп-тамырымен қопарылып, Қытай еліне сатылуда. Жасыратыны жоқ, Аспанасты елі әлемдiк фармацевтикада ұлы төңкерiс жасап жатыр. Мұны олар Қазақстан, Моңғолия секiлдi елдердiң табиғи дәрумендерге бай дәрiлiк өсiмдiктері есебiнен жүзеге асыруда. Сондықтан, Қазақ-станның дәрiлiк өсiмдiктерiнiң есебiн алып, оны көздiң қарашығындай сақтап отырған отандық фармацевтикада оларды пайдаланып, табиғи байлығымызды дұрыс игерудiң кешендi бағдарламасын жасау керек.

Десек те, елдегі сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар санатқа жатқызылған өсімдік түрлерін әкету міндетті түрде лицензиялаумен жүргізіледі. Лицензия беруді тиісті құзырлы органдар жүзеге асырады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға байланысты қайта қараған жөн. Соңғы жылдары арзан табысты көздегендер мия тамырын асқан айуандықпен жұлып, техникамен жерді жыртып, тамырымен қопара жинап, заңсыз саудалауда. Мұны экологиялық терроризм деп айтуға болады.

Осындай келеңсіз жайттар Жетісу жерінің Іле, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандарында өршіп тұр. Сирек болса да басқа аудандарда да кездеседі. Бұл мәселе құзырлы органдар тарапынан бірнеше рет көтеріліп, алдын алуда бірқатар шара жасалды. Бұл мәселе өзекті. Сондықтан, оны мемлекеттің мойнына жүктеп қойған дұрыс емес. Оған әр адам атсалысып, осындай әрекетке бармас бұрын алдымен саналы түрде ойлануы тиіс.

Егер бұл жалғаса беретін болса таяу жылда мия тамыры мүлде жойылып кетуі мүмкін. Осыны ойлаған жөн!

Қонысбек БАЙЕДІЛОВ,

Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Жетісудың» екінші жеңісі

Уақыт тығыз. «Жетісудың» плей-оффқа дайындығы

01.04.2026
«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

01.04.2026
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026
Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.