Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Саудадан цифрландыруға дейін: Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық

2 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Саудадан цифрландыруға дейін: Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мен Қатай арасындағы сауда көлемі 43 миллиард доллардан асып, тарихи рекордқа жетті. Бұл Қазақстан мен Қытайдың сауда-саттық тарихындағы жаңа кезең болды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл өте қомақты сома, сондықтан екі ел арасындағы сауда және инвестициялық баланстың маңызы арта түсті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 миллиард долларға жетуі мүмін. Қазіргі таңда Қытай инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және өңдеуші өнеркәсіп салаларына белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Қазақстан болса өз кезегінде дәстүрлі шикізат экспорттаушы ретіндегі әлеуетін арттыруға және халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға ұмтылуда. Бұл екі тарап үшін де экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды мүмкіндігін көрсетеді.

Қазақстан Қытай үшін табиғи уран жеткізушілерінің бірі саналады. Бұл – Қытай үшін аса маңызды бағыт. Сондай-ақ, энергетика саласында жаңа жобалар қолға алынуы мүмкін. Мысалы, үшінші атом электр станциясын Қытай салуы ықтимал деген ақпарат бар. Маусым айында Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында жалпы құны 24 миллиард доллардан асатын ірі жобаларға қол қойылды. Бұл да Қытайдың Қазақстанға деген инвестициялық қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктестерінің бірі болып отыр, — дейді әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков.

Қытай қазіргі таңда Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптесіне айналды. Сарапшының айтуынша, басқа бағыттарды да дамытуға тиіспіз.

Жаңа бағыттардың ішінде цифрландыру ерекше рөл атқарады. Қазақстан 2029 жылға дейін жалпы ішкі өнімді 450 миллиард долларға жеткізуді және қосымша 150 миллиард доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл өте амбициялық мақсаттар, ал оларға қол жеткізу үшін Қытайдың қолдауы маңызды болмақ, — дейді сарапшы.

Оның айтуынша, халық арасында Қытаймен байланыс бойынша түрлі көзқарас бар.

Барлық жерде тек оң көзқарас бар деуге болмайды. Қоғам ішінде Қытайға қатысты әртүрлі пікірлер бар. Синофобия, Қытайдың ықпалына қатысты қорқыныштар. Бұл мәселелерді елемей қоюға болмайды. Сондықтан жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Көп жағдайда қол қойылған келісімдердің мазмұны жарияланбайды. Ал егер келісімдер ашық болса, қоғамдағы сұрақтар азаяды. Қытайға қатысты үрей тек Қазақстанға ғана тән емес. Қытайдың барлық көршілерінде осындай пікірлер бар. Мәселен, Ресейдің өзінде Қытай Қиыр Шығыстағы жерлерді иемденуі мүмкін деген қауесеттер айтылады, — дейді ол.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.