Талдықорған: +8°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сенім артып келеді

8 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Сенім артып келеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ шамамен 1 миллион отандасымыздың 3,7 триллион теңгеден асатын сомаға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге берілген 1,9 миллионнан астам өтінішін орындады.

Зейнетақы жинақтарын салымшылар мен алушылар тұрғын үйге, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Тұрғын үй бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың немесе алушылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 436 073 өтініші орындалды. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,3 триллион теңгеден аса қаржы аударды.

Барлық өтініштің шамамен 35,2%-ы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу, өтініштердің 21,3%-ы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру, 15,9%-ы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу, 15,3%-ы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз берешекті ішінара өтеу мақсаттарына жұмсалды.

Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға берген өтініштерін қабылдайтын уәкілетті оператор-банктердің қатарында «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ бар.

БЖЗҚ емделуге ақы төлеу үшін жалпы сомасы 411,9 миллиард теңгеге 472 252 өтініш орындады. Өтініштердің 96,5%-ы стоматологиялық, 2,5%-ы офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1%-ы пайдаланылды.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану бойынша өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде толық ақпарат көрсетілген.

Жеке инвестициялық басқаруға өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша шамамен 18,6 миллиард теңге аударылды. 18,6 миллиард теңгенің 6,2 миллиард теңгесі «Jusan Invest» АҚ-ға, 3,3 миллиард теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ-ға, 2,8 миллиард теңгесі «BCC Invest» АҚ-ға, 1,1 миллиард теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ға және 5,1 миллиард теңгесі «Halyk Finance» АҚ-ға аударылды. БЖЗҚ 13 842 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,3 миллион теңге. Қазіргі уақытта БЖЗҚ 5 ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған.

Сіз олар туралы ақпаратпен танысып,  инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізімі» бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына бір рет қана зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. 2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде 145 өтініш беруші ИПБ таңдау бойынша шешімін ауыстырды. БЖЗҚ жалпы сомасы 488 миллион теңгені бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру туралы 202 өтінішті орындады.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Ол зейнетақы активтерін басқару нарығындағы барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі. 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Фото: azattyq-ruhy.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.