Жамбыл ауданында араға жыл салмай тағы да үшем өмірге келді. Халықаралық әйелдер мерекесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Жамбыл ауданына арнайы келіп, қуанышқа кенелген анаға бауы берік болсын айтты.
Үшем Қарғалы ауылының перзентханасында туған. Алдын ала мәліметтер бойынша, анасы мектепте ұстаз. Қазірше үш сәби мен анасы перзентханадан шыққан жоқ. Үшем білікті дәрігерлердің қадағалауында. «Мереке күні үшемді дүниеге әкелген Жамбыл ауданының тұрғынын қуанышымен құттықтадым. Жас анаға ұлдарының аман-есен ер жетіп, ата-анасына қолқанат болуын тіледім», — деп жазды облыс әкімінің орынбасары «Facebook» парақшасына.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





