Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ІССАПАР НӘТИЖЕСІ ШЫҒАРЫЛДЫ

17.04.2018
КҮНДЕРЕК
ІССАПАР НӘТИЖЕСІ ШЫҒАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Көршілес Өзбекстанға ресми іссапармен барған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сапар нәтижесін шығарды. Сапар барысында Ташкент, Самарқан өңірлеріндегі бірнеше облыстың өкілдерімен келісімдер жасалды. Жетісу жұртшылығы үшін Әндіжан облысымен арадағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою қарым-қатынастың маңызды бөлігіне айналып отыр. Оның үстіне екі облыс күллі әлемге бауырлас-аймақтар деп танылды. Экономикасы негізінен өндірістік бағытта дамып отырған Әндіжан облысындағы бір ғана «GM-Uzbekistan» зауыты жылына 250 мыңнан астам автокөлік шығарады. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптің дамуына да баса көңіл бөлінген. Облыстың Ходжаабад ауданында 145 текстиль және тігін фабрикасы жұмыс істесе, агроөндірістік кешенінен жыл сайын 3 миллион тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек алынады.

 

    Облыс әкімдерінің екіжақты кездесуінде сөз алған Амандық Баталов туыстас екі мемлекет Президенттерінің Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестіктің дамуына жаңаша серпін бергенін атап өтті.
– Екі елдің тығыз қарым-қатынас орнатуы ең алдымен Президенттеріміздің қажырлы қызметінің жемісі деп білемін. Соның арқасында шекара кеңінен ашылып, тауар айналымы ұлғайды, – деген Алматы облысының әкімі еларалық әріптестіктің тиімділігіне тоқталды.       – Осыған орай біз өз тарапымыздан барлық саладағы ынтымақтастық шарттарын ұсына аламыз. Оның қатарына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі арқылы тауарларыңыздың молынан өтуін және жұмыс істеп тұрған өндірістік аймақтарда өндіріс орындарын ашудың мүмкіндігін жатқыза аламыз. Яғни, экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін барлық бірлескен жобаларды қолдауға дайынбыз.
   Өз кезегінде Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахманов Батыс пен Шығысты байланыстырған Алматы облысының транспорт-логистикалық әлеуетіне баса назар аударып, тауар тасымалдауға қажетті мүмкіндік туралы сөз қозғады.
– Қазақстан арқылы ертедегі Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін транспорттық дәліз біздің тауарларымыздың Азия мен Еуропа елдеріне жетуіне мүмкіндік береді. Біз осы бағыт бойынша және басқа да салаларға байланысты ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, – деген Әндіжан әкімі екі жақты әріптестікті нығайтуға қажетті меморандумға қол қойды.
   Екі жақты кездесудің ресми түйіні жасалған соң жетісулықтарды Үндістанға жорық жасап, бабуридтер әулетінің тамыр жаюына септігін тигізген әйгілі Бабыр ханның мұражайына шақырған Шухратбек Абдурахманов қонақтарын Боги Бабур жотасына бастады. Онда «Бабырнама» эпосында айтылатын ақын-билеушінің бұйрығымен құжыра салыныпты. Одан соң делегация текстильді өндірістердің алқабы саналатын Ходжаабад ауданына бет алды. Алдымен «Samo» сауда маркасымен тауар өндіретін «NIL-GRANIT» және «Barchinoy TexTile» трикотаж фабрикаларына барған Амандық Баталов қос фабриканың өз өнімдерін көршілес елдерге өткізетінін білді. Сөз арасында кәсіпорын басшылары екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, өз өнімдерін Алматы облысындағы логистикалық хаб арқылы өткізудің тиімділігін салмақтады. Одан бөлек, облыс әкімі өзбек-герман әріптестігі негізінде жұмыс істейтін «Навигул» агроөндірістік кешенінің жұмысымен де танысты. Кластерлік өндіріс жүйесі қолға алынған шаруашы-   лықта жылыжайда өсірілетін жеміс-жидектерден шырынды сусындар шығарылады.
   Әндіжан облысына жасалған сапарды осылайша түйіндеген Амандық Баталов пен Шухратбек Абдурахманов екіжақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға келісті. Осыған орай облыс әкімі алдағы уақытта Талдықорған қаласының бір көшесіне «Әндіжан» атауының беріліп, Бабыр ханның ескерткіші орнатылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Әндіжан облысының әкімін Алматы облысына арнайы қонаққа шақырған Амандық Ғаббасұлының ұсынысын Шухратбек Абдурахманов қабыл алды.
    Облыс делегациясының жемісті жұмыс істеуіне елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев Ташкенттегі елшіліктің жаңа ғимаратынан Алматы облысының өкілдігіне жеке кабинет бөлінетіндігін жеткізді. Бұл жетісулық кәсіпкерлердің өзбекстандық әріптестерімен кездесулер өткізуіне мүмкіндік береді.

М. ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.