Ескелді ауданында су электр стансысы салынады. Құрылыс орны Талдықорғаннан батысқа қарай 41 шақырым, Алматыдан шығысқа қарай 250 шақырым және жақын маңдағы Талапты ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан.
ГЭС-тің белгіленген қуаты 16,6 МВт.-ты құрайды. ГЭС арқылы секундына аз дегенде 15 текше метр су жіберіледі, ал судың болжамды шығыны секундына 37 текше метр. Электр энергиясының орташа жылдық өндірісі 117 млн. кВтсағ. Стансы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Ал электр энергиясының негізгі тұтынушылары Жетісу облысының ГЭС-ке іргелес аудандарының тұрғындары мен компаниялары. Стансы өңірлік желілердегі тәуліктік жүктеме кестесін жабуға қатысады. ГЭС құрылысы 2025 жылғы наурыздан бастап, 20 айға созылады.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы қарашада аяқталады деп күтіліп отыр. Технологиялық жабдықтың кепілдік мерзімі оны іске қосқан сәттен бастап 40 жылды құрайды. Құрылыс кезінде қажетті электр энергиясын дизель генераторы өндіреді.
А. Ыбырай
Фото: silkwaytv.kz





