Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАДЫ

28.11.2024
КҮНДЕРЕК
СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірленген Су кодексінің жаңартылған жобасын таныстырды. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады.


Су кодексін әзірлеу барысында бес негізгі қағидат назарға алынды. Бұл суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен экономика дамуының негізі деп тану, мемлекеттің су ресурстарының экономикалық құндылығын мойындауы, жерүсті және жерасты суларын кешенді пайдалану, су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға негізделген су үнемдеу, су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту.

Кодекстің жаңа нұсқасында алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономика салаларын су тапшылығынан және су нысандарын ластанудан қорғауды қамтиды. Су көздерінің сарқылуын болдырмау үшін өзен, көл және теңіздердің экожүйесін қолдау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған — «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі.

Су нысандарын қорғау бойынша талаптар кеңейтілді. Ең алдымен – шағын өзендер мен көлдерді қорғауға назар аударылады. Атап айтқанда, шағын өзендерде су өткізбейтін бөгеттер салуға тыйым салынады.

Жерүсті және жерасты суларын кешенді пайдалану, сондай-ақ Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру үшін уәкілетті және жергілікті атқарушы органдың жерасты су ресурстарын басқару бойынша функцияларын Су ресурстары және ирригация министрлігіне беру көзделген.

Сондай-ақ, жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың бас жоспарын және бассейндік жоспарларын әзірлеуді көздейді. Бұл құжаттар су ресурстары туралы болжамдарға сүйене отырып негізгі мақсат-міндеттерді, тәсілдерді және іс-шараларды анықтайды. Осы жоспарлардың қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс.

Қолданыстағы редакцияда қарастырылмаған, су үнемдеуді ынталандыру тетіктері енгізілді. Мысалы, су пайдалануға рұқсат айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу жоспары болған кезде ғана беріледі. Жаңа жүйеге көшуге бес жыл беріледі. Ал, көшу жоспары жаңа Су кодексі күшіне енген күннен бастап екі жыл мерзімде әзірленуі керек.

Жаңа кодекстің тағы бір ерекшелігі — гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесіне жеке тарау арналған. Онда гидротехникалық құрылыстардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу, оларды пайдалану, сондай-ақ көп факторлы тексеріс жүргізу, қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу мәселелері жүйеленген. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік регламентін әзірлеу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес бойынша түзетулер кешені әзірленді, сондай-ақ барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өкілеттіктері айқындалды. Мысалы, жерүсті су нысандарын тазарту мен тереңдету және су тасқынынан қорғаудың инженерлік жүйелерін құруды қоса алғанда, судың зиянды әсерінің алдын алу бойынша нормалар енгізілді.

Су ресурстары бойынша ақпараттың азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын Ұлттық ақпараттық есеп жарияланатын болады. Онда елдегі су ресурстарының жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы ақпарат болады.

Су саласын цифрландыру үшін Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделген, оның жұмысын биыл құрылған Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы қамтамасыз етеді.

Жаңа Су кодексінде су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауға айрықша көңіл бөлінеді. Мәселен, бассейндік инспекцияларға тергеу функциялары беріледі, бұл су ресурстарын қорғау жөніндегі талаптарды қатаңдатуға, оларды заңсыз пайдаланумен және судың «қара нарығымен» тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, құжат Экологиялық, Кәсіпкерлік, Азаматтық, Жер кодекстеріне және 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Заңнама жобасы бойынша белсенді әрі конструктивті тұрғыда жұмыс атқарған барлық депутаттарға алғысымызды білдіреміз.Биылғы су тасқыны және соңғы жылдардағы оқиғалар су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың аса маңызды екенін айқын көрсеті. Жаңа Су кодексінде халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғауға басты назар аударылып, содан кейін ғана экономикалық қажеттілікке маңыз берілген. Бұл — жаңа Су кодексінің қолданыстағы кодекстен негізгі ерекшеліктерінің бірі», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.